Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы микробтарды әр түрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бактерияларды тығыз немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тарауына байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады. Алынған микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фенол, мертиолат (тиомерсал), ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады.