10
мен клиникалық бақылаулармен расталған пайдалы әсер етуі тиіс, отарлау
қабілетіне ие болуы тиіс, яғни рН-тың төмен мәніне, өт қышқылдарына,
индукцияланатын индигендік микрофлораға төзімді болуы тиіс, тиісті
шырышты қабықтың эпителиясына жақсы адгезиялануы қажет.
Отандық авторлардың пікірінше, емдік-профилактикалық мақсатта
қолданылатын пробиотиктер әзірлеу кезінде табиғи экологиялық ортаға жақын,
аралас популяцияларда өсіру жағдайында антагонистік белсенділік көрсететін
өндірістік штаммдарды селекциялаудың бірыңғай тәсілдерін пайдаланған жөн.
Өндірістік штаммдарды іріктеу кезінде антибиотик тектес субстанциялардың
белсенді штаммдарын есепке ала отырып, олардың қышқыл түзушілік
қабілетіне басымдылық таныту қажет. Бұл ретте тұқымқуалаушылықтың
хромосомадан тыс әсері және олардың табиғи биотоптардың субстратында
адгезивті қабілеті міндетті түрде ескеріледі.
Сүт қышқылды бактериялардың стартерлік өсінділерінен пробиотиктер
мен функционалдық тамақ өнімдерін өндіруде олардың технологиялық және
функционалдық сипаттамаларын жақсарту үшін, сондай-ақ белгілі қасиеттері
бар жаңа штаммдарды құрастыру мақсатында аталмыш микроорганизмдерге
генетикалық инженерия, генетика және селекцияның әртүрлі тәсілдері
қолданылады.
Сүт қышқылды бактерияларды тек морфологиялық, өсінділік,
физиологиялық-биохимиялық белгілердің негізінде идентификациялау қазіргі
уақытта жеткіліксіз болып табылады және қасиеттерінің ортақ ұқсастықтары
салдарынан қиынға түседі, себебі көптеген түрлері әр түрлі факторлардың
әсерінен фенотиптік өзгергіштіктің жоғары деңгейіне ие.
Осы орайда микроорганизмдерді идентификациялаудың молекулярлық-
генетикалық әдістері өзін сенімді және сыртқы факторлардан тәуелсіз ретінде
көрсетті. Осы жұмыстың маңыздылығы API тест-жүйелерді пайдалану арқылы,
заманауи молекулярлық 16s rRNA генінің нуклеотидті бірізділігін талдау,
полиморфты ДНК (RAPD-PCR) кездейсоқ амплификация, белоктық бейіндері
бойынша матрицалық-белсендірілген лазерлік десорбция әдістерімен жіктелген
перспективті штаммдар негізінде пробиотикалық препараттар өндірісінің
технологиясын
унификациялаумен
және
пробиотикалық
препараттар
өндірісінің нормативтік құжаттарын (ұйым стандарты, қолданылуы бойынша
нұсқау, рецептура, этикетка) әзірлеумен сипатталады. Отандық өндірістің
қазіргі заманғы қауіпсіз және тиімді дәрілік заттарына деген қажеттіліктің өсуі
табиғи, оның ішінде микроб тектес дәрілік препараттардың түрлерін кеңейтуге
негіз болып табылады.
Осылайша, пробиотикалық препараттарды классификациялау және
унификациялау негіздерін әзірлеу, пробиотикалық препараттарды өндіруге
және
олардың
сапасын
сынау
әдістеріне
қойылатын
талаптарды
регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау – отандық
стандарттаудың өзекті міндеттерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: