Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ СУИЦИДТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ



бет10/62
Дата06.02.2022
өлшемі1,37 Mb.
#30070
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ СУИЦИДТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бірінші кезең – жалпы алдын алу жұмыстары.
Мақсаты: мектептегі топтық тұтастықты нығайту.
Іс-шаралар: оқушылардың психикалық саулығын, мектептегі жағымды ахуал деңгейін сақтауға бағытталған жалпы мектептік бағдарлама дайындау. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Мектеп пен отбасының және жалпы қауымдастықтың арасында өзара әрекеттесудің тиімді моделін әзірлеу.
Педагог-психологтың міндеттері:
Оқушының психикалық күйіндегі, оның қарым-қатынасындағы, жалпы дамуындағы және білім алуда туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында әр оқушының психологиялық-педагогикалық дәрежесінің ерекшеліктерін зерттеу. Суицидалдық мінез-құлықтың алдын алу шарасының бағдарламасы мен жоспарын дайындау. Баланың заңды құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды алдын-алу шарасына қатысуға тарту. Оқушының позитивті «Мен»-тұжырымдамасын қалыптастыру, оның ерекшелігін және қайталанбас тұлғалық қасиеттерін өз-өзіне таныту арқылы әр адамның жеке тұлға екендігін ұғындыру. Қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларына үйрету, мейірімділікке тәрбиелеу, әлеуметтегі құндылықтық қатынастарын дамыту. Осы ретте педагог-психолог өз ісінде біріншіден, суицид мәселесі туралы қалыптасқан «мифтерді» жоюға бағытталған жұмыс жүргізу керек. Кеңінен таралған «мифтер»:

  • «негізінен өзін-өзі өлтіруге баратын адамдар психикалық жағынан ауруға шалдыққан адамдар» - деген «мифті» жою. Суицидалдық жағдайларды зерттеу барысында зерттеушілер келесі тұжырым жасаған: «өзін-өзі өлтірген адамдардың көпшілігінің психикалық жағынан ауытқулары болмаған, олар психологиялық қысым көрген адамдар»;

  • кейбір білім беру мекемелерінің басшылары «суцидтің алдын алуға болмайтына сенеді, өйткені өз-өзін өлтіруге бел буған кісілер ойлағанын орындамай қоймады» – деген пікірде болады екен. Ал, бірақ суицид – бұл адамның «жан айқайы, көмек сұру формасы»;

  • «өзін-өзі өлтіремін» – деп қорқытатын адамдар, «шын мәнінде суицидке бармайды» – деген мифті жою. Зерттеулердің нәтижесінде анықталғаны, өзін- өзі өлтірген адамдардың ¾ бөлігі өзін-өзі өлтіретінін алдын ала хабарлап, отырған;

  • сонымен бірге келесі «мифті» жою қажет: суицидтің алдын алу жұмысын «оңай» ұйымдастыруға болатынына сенім. «Адамдар жұмыспен қамтылып, қатаң бақылауға алынса, осы мәселенің шешілетініне сенімді болу» деген пікір – теріс пікір. Осындай пікірді құптаған адамдар өз қарамағындағы адамдар ағзасының психофизиологиялық ресурсының құлдырап, оның тозуына себеп болады. Яғни бұл еңбек тәртібінің психо-гигиеналық талаптарының бұзылуын көрсетеді, ал осындай жағдай суицидтің себебіне айналуы мүмкін;

  • кейбір адамдар суицидтің сыртқы белгілерін анықтауға болмайтынына сенеді. Осыған орай, «суицидтің алдын алу жұмысы күрделеніп, жемісті болмайды» – деген «миф» қалыптасады. Осындай пікірдің шындыққа жанасатына сенуге болатын сияқты, өйткені біреудің «жанын түсіну», оның ішкі жан дүниесін тану ісі – күрделі үдеріс. Сонымен бірге, тәжірибеге үңілсек, суицидті болдырмаудың мүмкіншіліктері бар екен.

Адамдардың суицидалдық жағдайларының іске асу мүмкіншіліктерінің сыртқы белгілері:
а) «өзін-өзі» өлтіретіні туралы ашығынан жария ету (туыстарына, таныстарына, жақсы көретін адамдарына хат арқылы немесе ауызша айту);
ә) суицидалдық әрекеттердің болатынына қатысты жанама түрде «ойдың» болуы (мысалы, өз-өзін өлтірудің имитациясын жасау және т.б.);
б) белсенді түрде алдын ала дайындалу, тәсілдерін іздестіріп таңдау (дәрілерді жинау, уландыратын заттарды зерттеу және т.б.);
в) өзін-өзі өлтіру мысалдарын жиі-жиі айтып отыру (жалпы өз-өзін өлтіру туралы әңгімелерді жиі айту);
г) жақын айналасындағы адамдармен символдық қоштасудың болуы (жеке заттарын тарату, фотоальбомдарын, сағатын және өзіне қымбат болып келетін заттарды тарату және т.б.);
д) мінез-құлықтың өзгерген стереотипы: өзіне тән емес тұйықтықтың көрініс беруі; қозғалғыштығы мен жиі қарым-қатынасқа түсу белсенділігінің төмендеуі, үндемейтін және баяу оқушылар мінез-құлығының қозуы;
е) оқшалану, қарам-қатынасқа түсу ортасының тарылуы.
Суицидалдық мінез-құлық анықталуының жүйелі сипатын ескере отырып, жалпы және арнайы жоспардың іс-шараларын кіріктіріп, алдын алу жұмысын кешенді түрде ұйымдастырған маңызды болады.
Суицидалдық мінез-құлық қалыптасуының себебі болатын әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жою – алдын алу жұмысының негізгі мазмұны болып айқындалады. Осындай жұмыстың негізгі бөліктеріне төмендегілер жатқызылады:

  • күнделікті өмірін, оқуын, жұмысын, тұрмысын және бос уақытын нақты ұйымдастыру;

  • түрлі қақтығыстарды болдырмау;

  • ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен және ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп КТБ, МІБ есепте тұрған жайсыз отбасыларды тексеру;

  • мектептерде сынып сағаттарын, әңгімелесулер мен дөңгелек үстелдерді, анонимдік сауалнама, психологиялық тренингтер, ата-аналар дәрісін өткізу. Мысалы: «Заңды сақта», «Мен және заң», «Құрдас құрдасқа», «Біл және есте сақта» тақырыптарында сынып сағаттарын ұйымдастыру. КТБ инспекторларымен, әлеуметтік педагогтармен, ата-аналармен және жасөспірімдермен «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Сабақтан тыс уақытта кәмелетке толмағандардың тәртібі» тақырыптарында жеке әңгімелесулер өткізу. «Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізу.

  • Оқушылардың құқықтық ағартушылығын қалыптастыру шеңберінде олардың құқықтық білімін және тәрбиесін жетілдіру мақсатында «Құқықтық дәріс» жұмысын жүзеге асыру. Мысалы, «Жасөспірім және қылмыс», «Жазаның болмай қоймайтындығы», «Заңды жастайынан білу», «Қылмыстық топ», «Бұзақылық қылмыстары туралы» тақырыптарындағы дәрістерді оқуға құқық қорғау органдарының, прокуратураның қызметкерлерін, аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлерін, аудандық және ауылдық ауруханалардың қызметкерлерін шақыру.

  • Ата-аналармен адамгершілік-құқықтық тәрбие мәселелерін талқылап, «Ата-аналардың құқықтық білімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алудың құралы ретінде» атты әңгіме өткізу және т.б.

  • Жедел-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру. Мысалы, кәмелетке толмаған азаматтарды темекі шеккені үшін жазалау, түнгі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүрген немесе компьютер клубында отырғандарды жазалау, ата-аналар міндетіне ықылассыз қараған үшін ҚР КоАП 111-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-анасын тәртіптік жазалауға тарту.

  • Құқық қорғау органдарымен бірлескен (КТБ инспекторлары, учаскелік инспекторлар) әлеуметтік педагогтардың рейдтерін өткізу. Рейдтерді ата-аналар комитетінің өкілдері мен сынып жетекшілерінің қатысуымен өткізу.

  • КТБ есебінде тұрған оқушылардың және «қауіпті топтағы» балалардың тұратын мекенжайы бойынша тексерістер ұйымдастыру.

Екінші кезең – бірінші реттегі алғашқы алдын алу жұмысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет