Мінездеме
Омарбек Ару Асхатқызы ,11 жас ,5 «Д» сынып оқушысы .Денсаулығында кемісі жоқ , толыққанды отбасыдан , материалдық деңгейі орта деңгейде .Өңегелі отбасыда тәрбиеленуде.
Сабақтағы белсенділігі тамаша деңгейде , үй тапсырмалары нақты әрі дұрыс орындайды .Мұғалімдермен қарым-қатынасы жақсы .Оқуға деген құлшынысы жоғары деңгейде . Сабақ үлгерімі үздік.
Ойлау қабілеті , қабылдау , бақылаушылығы жоғары дәрежеде . Берілген тақырыпты бірден қабылдап , жауап береді.Ауызша тапсырмаларда ділмарлық қасиеті анық байқалады.
Оқушылар арасында достарымен тез тіл табысады , шыншыл әрі адал дос .Өзіңе деген сенімділігінің арқасында көптеген жетістікке қол жеткізді . Көшбасшылық қабілеті топтық жұмыстарда топты алдыға жетелейді . Жеңіліспен жеңісті мойындай біледі.
Жеке қызығушылығы би үйірмесі,сурет өнері . Өз бойындағы қабілеттерімен қызығушылығының арқасында көптеген жарыстардан жүлделі орындар иеленуде .
Өмірге деген көзқарасы биік , «денсаулық –зор байлығым» деген ұстанымды ұстанады.
Қорытыды . Омарбек Ару Асхатқызы үздік оқушылардың бірі . Алдыға қойған мақсатыңа жете білетін , топтық жұмыстарда белсене әрекет ететін қабілетті оқушы.
Достарыңызбен бөлісу: |