Өндірістің экономикалық тиімділігі



Дата08.02.2022
өлшемі18,54 Kb.
#118519
Байланысты:
15 Өндірістің экономикалық тиімділігі


Өндірістің экономикалық тиімділігі
Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:
ЕӨ = ҰТ/А

Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.


Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Есый = Т/Q

Мұндағы: Есый- еңбексыйымдылығы;


Т- еңбек саны;
Q- шығарылған өнімнің жалпы көлемі;
Қоғамдық еңбектің малериалсыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Мсый = Ш/ Q

мұндағы: Мсый- материалсыйымдылығы деңгейі;


Ш- шикізат, материал, отын, энергия және т.б. шығындары.
Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталады:
Ксый= К/Q

мұндағы:Ксый-өнімнің капиталсыйымдылығы;


К- капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q-шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Ксый= F/Q

мұндагы: Ксый-өнімнің қорсыйымдылығы;


Ғ- халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;
Q-шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Тиімділік-жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік-шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

  • өндірістік іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;

  • өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындаодың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;

  • қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анқтайтын көрсеткіштер.

Өндірістік іс-әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетән басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:

  • Негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;

  • Кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағалауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы-пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекетінің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.
Сату рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі* 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындар мен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым қатынастың тиімділігін сипаттайды.
Активтер рентабельділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы активтер* 100%). Бұл көрсеткіш кәсіп орынның барлық мүлігінің(айналым және негізгі капиталының) қолданылу тиімділігін көрсетеді.
Меншік капиталының рентабильділігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру уақытының соңындағы меншік капиталы * 100%). Кәсіпорынның өзінің қаржыландыру көздерінен инвестицияланған капиталдың қолданылу тиімділігін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет