Өндірісте еңбектің дұрыс ұйымдастырылмауынан, еңбек тәртібін бұзу салдарынан, техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан және бақылаудың әлсіздігінен өндірістік жазатайым оқиғалар болуы мүмкін.
Әрбір жазатайым оқиға технологиялық үрдістерді орындау кезінде туатын қатерлі жағдайдың нәтижесі болып табылады.
Кез – келген жазатайым оқиғада көптеген себепші факторлардың арасынан оны тікелей тудырушы факторларды атап өтер болсақ, бұған қауіпті әрекет пен қауіпті жағдай жатады.
Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токарьдың) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасауы.
Қауіпті әрекет – жұмысшының (оператордың, жүргізушінің, слесарьдың, токарьдың) нақты жағдайдағы кәсіптік қимыл нормасына сәйкес келмейтін әрекет жасауы.
Қауіпті жағдай - өндірістік ортаның қабылданған нормаға сәйкес келмейтін жағдай.
Егер қауіпті әрекеттер бүтіндей адамға тәуекелді болса, онда қауіпті жағдайлар машиналардың жіктелмегендігінің салдары болуы мүмкін.
Қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмысшының кездейсоқ оқиғаға ұшырауы өндірісте болған қайғылы оқиға деп аталады.
Егер жұмысшы жұмыс кезінде өзінің қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан жарақат алса, ол өндірістік жарақаттану деп аталады.Өндірістік жарақаттаануға жұмысшының сол мекеменің көлігімен жұмысқа барар жолда немесе қайтарда алған жарақаты да жатады.
Өндірістік жарақаттану – жұмыс орындарында алынған жарақат
Өндірістік жарақаттану – жұмыс орындарында алынған жарақат
Өндірістік жарақаттану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралығындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы
Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.
Ал, жұмысшының мас болуы, ұрлық жасауы кезіндегі , болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақатқа жатпайды.
Ал, жұмысшының мас болуы, ұрлық жасауы кезіндегі , болмаса әкімшіліктің рұқсатынсыз жеке басының қажетін өтеу кезінде алған жарақаты өндірістік жарақатқа жатпайды.
Қоғамдық тапсырмаларды орындау кезінде, адамдарды құтқару кезінде және жұмысқа бару немесе жұмыстан қайтар жолда, яғни жалпы көлікпен жүрген кезінде алған жарақат жұмысқа байланысты деп есептеледі.
Жұмыстан бос уақытта алған жарақат тұрмыстық жарақат болады.
Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан жұмысшы жарақат алады. Зақымдануына байланысты жарақаттың келесі түрлері бар:
Өндірістік жарақат жұмысшыға әлеуметтік және экономикалық, физиологиялық және моральдық әсерін айта кету керек.
Әлеуметтік зиян-адам денсаулығының нашарлауы және еңбекке қабілеттінің төмендеуі; мамандығына, жұмысына деген қызықпаушылықтың проблемасы; ұжымда әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастың нашарлауы.