Өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе жұмысының есебі


Педагогикалық іс-тәжірибе



бет2/9
Дата25.04.2022
өлшемі1,26 Mb.
#140743
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қимади Бақытгүл Сағатықыз КаУС-21 ДОТ практика (копия)

Педагогикалық іс-тәжірибе



Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдері факультеті, шетел тілі: екі шет тілі мамандығы бойынша екінші курс, КаУС-21 тобының студенті Қимади Бақытгүл Сағатқызының 17.02.2022-16.04.2022 жж.аралығында өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибе жұмысының
ЕСЕБІ
Мен, Қимади Бақытгүл Сағатқызы өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірибесін 2022 жылдың 17-ақпанынан бастап 16- сәуіріне дейін Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Борлыбұлақ ауылының «№42 негізгі орта мектебі» КММ-де өткіздім. Мектеп директорының міндетін атқарушы- Оспан Айдос Маратұлы. Мекемеден бөлінген іс-тәжірибе жетекшісі-Турсунова Зулайхо Ахмаджановна, яғни орыс тілі мен әдебиті, ағылшын тілі мұғалімі.
Сабақтар екі ауысымда өтеді. Іс-тәжірибе барысында мен екінші ауысымдағы сыныптарға сабақ бердім. Жалпы 2 ауысымның сабақтары 14:00-де басталып 18:20-да аяқталады.
Іс-тәжірибенің бірінші күнінде іс-тәжірибе жетекшісімен танысып, ақпарат алмастық. Тәжірибенің алғашқы аптасында сабақтарға қатысып, мектеп өмірімен барынша жақын танысуға тырыстым. Сонымен қатар алдағы жұмыс жоспарымен таныстым. Мен педагогикалық-кәсіби іс-тәжірибеде жоғарыда атап өткендей бастауыш сыныптарын алдым. Мен сабақ берген сыныптардағы оқушылардың саны орташа есеппен 15 оқушы. Сынып жетекшілермен, сонымен қатар іс-тәжірибе жетекшісімен керек мәліметтер алмасып, сынып туралы біраз мағлұматтар жинадым. Іс-тәжірибе барысында сабақ өту кезінде менің көзіме ерекше түскен оқушылар: Қисамиден Айлан, Совет Арай, Ермекова Айару, Қисамиден Нұрмұхаммед, Ризолла Ақжарқын. Аталған оқушылардың білім алуға деген құлшыныстары, жаңа мағлұматтарды біліп, танысуға деген қызығушылықтары көңіл қуантады. Жалпы іс-тәжірибе барысында көптеген нәрселермен танысып, біліп, тәжірибе жинақтадым.
Іс-тәжірибе кезінде оқушылардың психоллгиялық жас ерекшеліктеріне қарай отыра сабақ жоспарларын құрдым. Өтілген сабақтардық әр тапсырмасы оқушылар үшін қызықты да пайдалы болуына барынша тырыстым.
Сондай-ақ, іс-тәжірибеден өту барысында мен мұғалімнің сабақтарын талдауды, олардың мақсаттары мен міндеттерін бөліп көрсетуді, балаларды бақылауды, сабақты жоспарлау мен өткізуді, жұмысымның нәтижелерін талдауды үйрендім.
Оқу процесін бақылау үшін өз қабілеттерім мен дағдыларымды дамытуға тырыстым. Іс-тәжірибе жетекшісінің көмегімен балаларға әсер ету әдістерін меңгердім.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет