Өнім Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің қызметі» Туынды зат есім



Дата06.07.2018
өлшемі247,5 Kb.
#47310
Мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру және қайта даярлау институты



Өнім

Тақырыбы: «Отбасы мүшелерінің қызметі» Туынды зат есім

Тереңдетіле қалыптасқан игерім 10-сынып

Орындаған тыңдаушы:

Осакаров ауданы әкімдігінің

«Мирное селосы №20 орта мектебі»КММ

қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі



Таран Э.С.

Ғылыми жетекші

кафедра меңгерушісі, доцент



Смағұлова Ғ.Ғ.

Орындалған уақыты: 22.10. - 04.11.2012ж.

Қарағанды – 2012

Өнім құрылымы:

1.Кіріспе………………………………………………………………….......

1.1. Өнімнің қысқаша негіздемесі…………………………....................

1.2. Өнімнің идеясы.....................................................................................

1.3. Өнімнің өзектілігі ..............................................................................

1.4. Өнімнің жаңалығы ............................................................................

1.5. Өнімнің мақсаты мен міндеттері ....................................................

1.6. Күтілетін нәтиже ...............................................................................

1.7. Өнімнің мазмұны ............................................................................

1.8. Глоссарий………………………………………………………………….

1.9. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………..........





ӨНІМНІҢ ҚЫСҚАША НЕГІЗДЕМЕСІ:

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.

Әлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің 6 деңгейі мен олардың сипаттарының негізінде, Қазақстан Республикасының өзге тілді жалпы білім беретін орта мектебінің 1-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің 5 деңгейлі құрылымы айқындалды.

ӨНІМНІҢ ИДЕЯСЫ:

Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп жүйесінде тілді меңгертудің 5 деңгейінің ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп, жіктелді. Атап айтқанда 10-11 сыныптардағы ортадан жоғары деңгейдегі талаптар В1 (Тереңдетіле қалыптасқан игерім В1.1;Тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В1.2.; ) болып екі сатыға ажыратылды



ӨНІМНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ:

  • Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беру

  • Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі

деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беру

  • Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы

жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттіліктіліктілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудыру.

ӨНІМНІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ:

Жоғары сыныпқа арналған бұл оқу бағдарламасының жаңалығы – ортадан жоғары деңгейдің 2 сатыға жіктелуінде.

Білім деңгейлерін ішкі кезеңдерге бөлу білім беруді дара тұлғаға бағдарлау ұстанымына сай іске асады.

ӨНІМНІҢ МАҚСАТЫ:

Ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту.



ӨНІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • 10 сынып оқушыларының білімін тілдік, танымдық, ұлттық тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;

  • қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;

  • оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;

  • жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Ақпараттық құзыреттілік:

Өз бетінше табатындай, талдайтындай, іріктеу жасайтындай, түсіндіре білетін және ақпаратты тасымалдауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыра білуінде.



Коммуникативтік құзыреттілік:

Нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді.



Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

Әр түрлі жағдайда проблемаларды анықтай білуінде, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік туғызады.



ӨНІМНІҢ МАЗМҰНЫ:

Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-әрекеттер, мәтіндер негіз болады.

«Қазақ тілі» пәнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:


  • Әлеуметтік-тұрмыстық ая;

  • Әлеуметтік-мәдени ая;

  • Оқу-еңбек аясы

Пәнаралық байланыс.

Бағдарламада оқу орыс тілдерінде оқитын мектептердегі қазақ тілі пәнінің білімдік, тәрбиелік мақсаттары басқа пәндермен байланыста жүргізіледі, оқыту барысында мәтінді әңгімелеп,мазмұнын айтады. (қазақ әдебиеті)



Отбасы мүшелерінің қызметі - 1сағат.

Тілдік бөлім: Ауызекі сөйлеу стилі. Грамматика.Туынды зат есім

Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Отбасы мүшелеріне қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Отбасына қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Отбасы мүшелерінің қызметі туралы баяндау. Жазылым. Отбасы қызметінің сипаты. Тілдесім. Кәсіби қызметіне байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, қолданып,тілдеседі. Диалог-сұрақ. Диалог-жауап.

Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Отбасы туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер.

Ортадан жоғары деңгей.Тереңдетіле қалыптасқан игеріміне арналған білім мазмұнының сипаттамасы:

Тыңдалым бойынша:

Отбасы қызметі туралы нақты, анық айтылған мәтіндерді; ауызекі тілде айтылған ақпаратты;электрондық оқуда берілетін жаңалықтарды түсінеді; Тақырып бойынша тыңдай отырып, айтылған ойға, басты мазмұнға көңіл аудара алады; Тілдік қарым –қатынаста қолданылатын ұғымдардың анықтамаларын тыңдап, олардың білдіретін мағынасын дұрыс қабылдай алады;



Оқылым бойынша:

Отбасы қызметі туралы ұсынылған мәтіндерді оқи алады және түсінеді;



Айтылым бойынша:

Отбасының қызметі туралы мағұлмат бере алады; Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді,баламасын айтады. Тақырып бойынша өз ойын жеткізе біледі;



Жазылым бойынша:

Өзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгімелер жаза алады; Пунктуация ережелерін сақтай біледі.



Тілдесім бойынша:

Сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдерді ұтымды қолдана алады; Әр түрлі жағдаяттарда сұхбат құра алады. Оқыған мәтін бойынша өз пікірін айта алады.



ЛЕКСИКА: ойдың мазмұнына қарай қажетті сөзді орынды қолданады; сөздіктермен жұмыс жасайды. Мәтінде берілген ойдың тақырыбын анықтай алады; 70 лексикалық бірлікті меңгереді.

Сөз құрамы мен сөзжасам: туынды сөздерді ажырата біледі;жұрнақтар мен жалғауларды ажырата біледі.Сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін ажырата алады.

Грамматика:зат есімді, зат есім жасайтын жұрнақтарды біледі

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра біледі.



10-сынып бойынша қазақ тілі пәнінен тақырыптық – күнтізбе жоспары

Оқу орыс тілінде жүретін мектептеріне

арналған 10 сынып оқулығына сүйене отырып құрылды.

Авторлары: Т.Артыкова, А.Жаканбаева, М.Толеуова, Алматы «Атамұра», 2006 жыл

Ортадан жоғары деңгей –В1, (В.1.1.- тереңдете қалыптасқан игерім)

Құрастырушы: Абзалбекова А.Т. (№15 ОМ, Қарағанды қаласы)



Сабақтың тақырыбы

Сағат сан

Мерзімі

Тілдік материалдар

Сөйлесім әрекетінің түрлері

Лексикалық минимум

Грамматика

Фонетика

Айтылым

Тыңдалым

Оқылым

Жазылым

Тілдесім

1

Менің

отбасым


1










Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Сөздерді

мәнерлеп айту



Мәтінді дұрыс оқу және түсіну

Мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну




Тақырыпқа сай, тілдесім жүргізу.

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

Отбасы мүшелерінің қызметі. Туынды зат есім.Презентация.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа модульмен таныстырып, «Отбасы» тақырыбына төменгі сыныптарда алған білімдерін толықтыру. Туынды зат есімнің жасалу жолдарын меңгерту. 2. Өзінің отбасын, ата- анасын, туыстарын сыйлауға, үлкенді құрметтеп, кішіге өнеге болуға тәрбиелеу. 3. Өз беттерімен жұмыс істеп, сауатты жазып, дұрыс сөйлеуге баулу.

Сабақ түрі: білімді жүйелеу сабағы

Әдісі: жаттығу жұмыстары, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, отбасы туралы суреттер

Сабақтың эпиграфы:



Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған -туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу;

ә) әңгімелесу;

- Қазір қандай сабақ

-Қазақ тілі нешінші сабақ?

-Сыныпта кім кезекші?

-Кім жоқ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста күн кандай болады?

- Қыс айлары қандай?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

2. Зат есім, оның түрлері

ІІІ. Жаңа сабақ.

Туынды зат есім.

Түбір зат есім +сөз тудырушы жұрнақтар.

басқа сөз таптары



Туынды зат есім

Зат есім жасайтын жүрнақтар



-шы,-ші:қойшы,әнші,т.б.

-шылық,-шілік,шаруашылық,т.б.

-лық,-лік,-дық,дік:балалық,т.б.

-й,-тай,-жан:ағатай,әкежан,т.б.

-шақ,-шек:құлыншақ,т.б.

-ша,-ше:сандықша,т.б.

-іш,-ыш:қуаныш,т.б.

-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш:білгіш,т.б.

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе:сүзбе,кеспе,т.б.

Ережелерді еске түсірейік:

Зат есім – заттың,ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары:

Кім? Кімдер?

Не?Нелер?

Туынды зат есім – түбір зат есімге және басқасөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім.

Мысалы: білім, достық.



1-тапсырма. Сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі: ұқыптылықпен – ұқып - түбірі, - ты – сөз тудырушы жұрнақ, -лық– зат есім тудыратын жұрнақ, -пен – көмектес септігінің жалғауы.



Ұқыптылықпен, жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық.

2-тапсырма.Тыңда. Қайтала.


3– тапсырма. Диалогты аяқтаңдар.

- Сенің атың кім? –

...

- Отбасыңда неше адам бар?



-...

- Әкең немен айналысады?

-...

- Шешең кім болып жұмыс істейді?



-...

- Атаң немен айналысады ?

-...

- Әжең немен айналысады?



-...

- Ағаң не істейді?

-...

- Сен немен шұғылданасың?




Сөздік

ұзын бойлы- высокого роста шашы бұйра- волосы кудрявые

аққұба- белолицая еңсегей бойлы-статный

әдемі- красивая еңгезердей- крупный, рослый

әжім- морщины пұшық танау- курносый

тұлғасы- туловище ашаң жүзді- с бледноватым, худощавым лицом талғаммен- со вкусом келбетті- красивый, представительный

қалың- густые пісте танау- маленький нос

талғаммен- со вкусом





Адамның сыртқы келбетін суреттейтін сөздер:

Мұрыны - үлкен, таңқы, пұшық, жалпақ, қыр

Еріні - жіңішке, қалың, томпақ, қызыл, алқызыл

Көзі - үлкен, қысық, қой көзді, қоңыр, қара, көк

Шашы - қалың, бұйра, ұзын, қысқа,қолаң, қоңыр, ақ

Бойы – ұзын ,қысқа,аласа, орта,сұңғақ

Маңдайы - кең, тар, ашық

Денесі – толық, арық, денелі, ірі,нәзік

Беті - аққұба, қара торы, сары,


4-тапсырма.Оқулықпен жұмыс.

Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер

Суретте кімдер бейнеленген? Олардың іс-әрекеттері туралы айт

Отбасы иесі деп кімді айтамыз?

«Отбасы-шағын мемлекет» деп неге айтамыз?

Отбасы мүшелерінің қызметі:

Ата мен әже не істеу керек?

Әкесі мен анасының міндеті не?

Балалар (оқушылар) не істеу керек?

Отбасы тату болу үшін ең алдымен не керек?



5-тапсырма.

Мәтінді оқып, аударыңдар.

Біздің отбасымыз үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, қарындасым және мен. Атам мен әжем зейнеткерлер. Әкем тіс дәрігері. Оның өз емханасы бар. Анам бухгалтер, банкте жұмыс істейді. Екі ағам – студенттер. Екеуі де Қарағанды Мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Апам мұғалім. Қарындасым он жаста. Ол төртінші сыныпта оқиды. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Мен оқу озатымын. Қарындасымның сабағына көмектесемін.Мен спортпен шұғылданамын.



Мәтін бойынша тапсырма:

1.Мәтін бойынша өзара сөйлесіңіздер.

2.Отбасы туралы мақал – мәтелдерді еске түсіріңіздер.

Жазылым.

1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жазыңыздар.

Әр демалысты біз отбасымызбен б...рге өтк...зем..з.Әкем мен шешем е..бек демалысына шықты.Біз отбасымызбен демал..ға барамыз.Б..лт..р жазда К..кшетауға бардық.Би..лғы жазғы демалысты Ыстықк..лде өткіздік.

6- тапсырма. Диалогты оқып, үлгі бойынша сөйлесіңдер.


  • Алексей, сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

  • Менің әкем етікші, ал сенің әкең кім?

  • Менің әкем кәсіпкер.

  • Саша, ол немен айналысады?

  • Ол жарнамамен айналысады.

  • Ал сенің анаң не істейді?

  • Менің анам дәрігер, балаларды емдейді, ал сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

  • Менің анам сатушы.

IV.Бекіту:

Отбасы иесі деп кімді айтамыз?

«Отбасы-шағын мемлекет» деп неге айтамыз?

Отбасы мүшелерінің қызметі:

Ата мен әже не істеу керек?

Әкесі мен анасының міндеті не?

Балалар (оқушылар) не істеу керек?

Отбасы тату болу үшін ең алдымен не керек?

Зат есім дегеніміз не?

Туын зат есім дегеніміз не?

Ата - ананы, үлкендерді бiз не істеуіміз керек?

Ал інілерді,сіңлерді не істеуіміз керек?


Бағалау:
Үйге тапсырма

1.Өз отбасы мүшелерін жеміс ағашы түрінде бейнелеу



2. Өлеңді жаттау


Каталог: uploads -> konspekt -> inyaz
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов Сан есімді қайталау. Мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев «Толағай» әдеби ертегісі Сабақтың мақсаттары
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
konspekt -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: Білім беру жүйесі мен міндеттері Грамматикалық тақырып
inyaz -> Қамысты ауданы, Алтынсарин ауылы «Қамысты ауданы әкімдігінің білім беру бөлімнің Алтынсарин орта мектебі» мм 2016ж
inyaz -> Сабақтың тақырыбы: «Туған жерімнің табиғаты. Зат есім»
inyaz -> Сабақ өтілетін уақыты: сабақ 40 минут (1 пара)
inyaz -> Новосветловка орта мектебі өткізген : Капарова К. А
inyaz -> Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет