Өнімнің БӘсекеге қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері



Дата22.10.2022
өлшемі26,6 Kb.
#154545
Байланысты:
Лекция-1665139827205-1


ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және болжау – бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекеге қабілеттіліктің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:
 бірнеше кәсіпорындар арасында өнімнің жағдайын анықтау;
 нарықта өнімді таратудың перспективасын бағалау;
 өнім көрсеткіштерін анықтау; Оған бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтауға қажетті қажеттіліктер;
 өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша іс-шараларды жасау;
тауарға баға тағайындау;
 нақты нарықта тауармен жұмыс істеу стратегиясын таңдау;
Екінші этапта өнімге талаптар қарастырылады. Оған ақпарат тұтынушылардың талаптары мен сұранысы негізінде талдау жасалынады. Келесі этап - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға қажет параметрлерді қарастыру. Барлық параметрлер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда үш үлкен топқа бөлінеді:
1. нормативтік
2. техникалық
3. экономикалық.
Алғашқыда өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің нормативтік параметрлері анықталады. Бәрінен бұрын тауардың патенттік тазалығы бағаланады. Содан кейін стандарттар мен талаптарға тауар параметрлерінің сәйкес келуі белгіленеді. Жоқ дегенде бір нормативтік көрсеткіш (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтық, өзара алмастырушы, санитарлы ветеринарлық) белгіленген талапқа сай келмейтін болса, бәсекеге қабілеттілікті бағалау процесі ары қарай жүргізілмейді. Бәсекеге қабілеттіліктің нормативтік параметрлерін бағалау үшін 1немесе 0 – ге тең болуы мүмкін. Егер нормативтік көрсеткіштің біреуі 0 – ге тең болса, онда жалпы көрсеткіш те 0 – ге тең болады. Бұл тауардың бәсекеге қабілетсіз екендігін көрсетеді.
Jнп = Пqi; (9)
мұндағы: Jнп – нормативтік параметр бойынша жалпы топтық көрсеткіш;
qi − әр көрсеткіштердің туындысын көрсетеді;
Өнімнің техникалық мінездемесін санды түрде техникалық параметр бірлігі шамасының (Теi) сондай эталон параметр шамасына, олрдың қуаттылығы, икемділігі, сыйымдылығы, өнімділігі жанар – жағармай шығындары бойынша салыстыру арқылы көрсетуге болады.
(10)
мұндағы: t ні – талданып жатқан өнімнің i – ші параметр шамасы;
t эі – ұқсас немесе эталон өнімнің i – ші параметр шамасы;
Техникалық параметр бойынша (Jтп) топтық көрсеткішті белгілу үшін әр параметрдің мәнділігі есебінен бірлік көрсеткішті (Li) жинақтау қажет:
Jтп = ∑ Tei*Li; (11)
мұндағы: Jтп − техникалық параметрлер бойынша жалпы топтық көрсеткіш;
Тei – i параметрі бойынша бірлік техникалық көрсеткіш;
Li – жалпы параметрі бойынша коэффициент;
n – бәсекге қабілеттілік бағаланатын техникалық параметр саны;
Параметрлердің үшінші тобына экономикалық көрсеткіштер жатады. Топтық экономикалық көрсеткішті анықтау үшін, талданатып отырған өнім өнім мен эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасын салыстыру қажет.
(12)
мұндағы: Jэп − экономикалық параметрлер бойынша жалпы көрсеткіш;
Цnі − талданып жатқан өнімнің тұтыну бағасы;
Цnэ – эталон немесе ұқсас өнімнің тұтыну бағасы;
Тауардың тұтыну бағасы сату нарық бағасы мен барлық шығындар түрінде белгіленеді.
Цni = Цpi + ∑ Зэкс і; (13)
мұндағы: Црі – тауардың нарықтық бағасы;
∑ Зэкс і – тауардың сомалық шығыны;
Осы формулаға сәйкес тұтыну бағасы неғұрлым төмен болса, соғұрлым бәсекелестік деңгейі жоғары, яғни тұтынушы салыстыратын тауардың біреуін иеленуге мүмкіндігі болады.
Нормативтік, техникалық, және экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіштер негізінде талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші кешенді көрсеткіші есептелінеді.
Кk = Jнп *Jтп > 1; (14)
Jэп
мұндағы: Кk – талданып жатқан өнімнің кешенді көрсеткіші;
Jнп – нормативті параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jтп – техникалық параметр бойынша топтық көрсеткіш
Jэп – экономикалық параметр бойынша көрсеткіш
Есептелген коэффциент негізінде талданып отырған өнімнің бәсекеге қабілеттілігі жөнінде шешім қабылданады. Егер Кk < 1 болса, бәсекеге қабілеттілік төмен. Кk = 1 тең көрсеткішке ие болады, Кk > 1 бәсекеге қабілеттілігі салыстырмалы түрде жоғары. Егер Кк > 1 болса, онда осы өнімді өндіру және нарыққа шығару шешімі қабылданады, Кк < 1 болса, онда бәсекеге қабілеттіліктің қажетті деңгейіне жету мақсатында техникалық және экономикалық параметрлерді көтеру үшін тиісті іс – шаралар жасау керек. [4]
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау жолдары келесідей жүзеге асырылады:
І кезең: Нарықта бәсекеге қабілеттілігі жоғары тауарды таңдап алу.
ІІ кезең: Тауардың салыстырылатын көрсеткіштері мен параметрлерін анықтау.
ІІІ кезең: Салыстырылатын тауардың бәсекелік көрсеткіштер деңгейін анықтау.
Тауарлардың көрсеткіштері мен параметрлерін әртүрлі белгілер бойынша топтастыруға болады:
 экономикалық көрсеткіштері: бағасы, өзіндік құны, пайдасы.
 техникалық көрсеткіштері: нақтылығы, жүк көрсеткіштігі.
 қолдану көрсеткіштері: персоналды оқыту шығындары, монтаждау және т.б.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау процесінде келесідей принциптерді ескеру қажет:
−нарық субъектілерінің мақсаттары мен құралдарының қарама – қарсылығы;
−нарық сегменттерінің әртүрлі ерекшеліктерін ескеру;
−зерттеу кезеңдерінің нарық конъктурасы;
−нарық субъектілерінің рационалды мінез-құлқы.
Мақсаттар мен құралдардың принципі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін басқаруда аталған категорияның екі аспектіде қарастыруды белгілейді. Бәсекеге қабілеттілікті басқару және бағалау процесінде екі нарық қатынасының субъектілерінің (тұтынушы мен өндіруші) қөзқарасын ескеріп, олардың өзара байланысын қарастыру керек. Өндіруші үшін маңызды параметр шығын деңгейі болса, ал тұтыну үшін маңызды параметр болып, өнімнің тұтынушылық қасиеті табылады.
Тұтынушы мен өндіруші қатынас арасындағы байланыс ақша, тауар, айырбас процесінде мақсаттар мен құралдар қарама – қарсы матрицасын бейнелейді.
Өнімді сатып алуды жетілдіру мақсатында тұтынушы үшін оның сапасын иелену болып табылады. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін факторлар құнын тұтынушы бағасы түрінде көрсетуге болады. Әрбір тұтынушы нақты өнімді таңдағанда тұтыну қасиеттерінің деңгейімен оған кеткен иелену мен қолдану шығындарының арасындағы қолайлы қатынасқа ұмтылады. Соған байланысты әрбір шығын бірлігіне жоғары тұтыну тиімділігін алады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейін өлшеу үшін Батыс Еуропа мен АҚШ мемлекеттерінде кең қолданылатын тұтынушы қажеттіліктерін қанағатттаныру индексі қолданылуы мүмкін.
Өндіруші қөзқарасы мен өнімнің пайдалылығы екі шығын бағалы факторлармен анықталады. Кез келген өндіруші ұзақ мерзімді перспективада таратылған өнім бағасы мен оның өндіру шығындары арасында максималды айырмашылық мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты өндіруші үшін алғашқы міндеттерінің бірі болып аталған өнімнің жоғарғы пайдалылық деңгейі туралы ой қалыптастыру болып табылады. Өндіріс процесінің сапалы деңгейі өндірістік – технологиялық көрсеткіштерін бейнеленіп, өнім сапасында байқалады және өндірушінің негізгі мақсаты пайда алуды қанағаттандырады.
Соған байланысты өнім нарықтың екі субъектісі үшін де тұтынушы мен өндірушіге пайдалы қасиеттер жиынтығын бейнелейді.
Нарықтың әртүрлі сегменттерінің ерекшеліктерін есепке алу принципі.
Нарықтық қатынастар тәжірибесінде негізделген және тұтынушыларды бірлік қоғам ретінде бейнелейтін шарт.
Олар бір қасиетті бір тауарға әртүрлі әсер етеді. Тұтынушы сатып алуды іске асырғанда өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды сатып алуға ұмтылады.
Әрбір сатып алушының сатып алуы кешенді фактор негізінде жүзеге асады. Тұтынушы таңдауы, талғамы біркелкі болуы мүмкін емес. Оған байланысты әрбір тұтынушы өнімнің бәсекелестік қабілетін өз деңгейінде бағалайды. Сондықтан абсолютті бәсекеге қабілетті идеясы жоқ.
Бірақта жиынтық сұраныс белгілі бір тұтынушылар топтамасында тауардың сапасы мен бағасы шеңберінде қалыптасады. Тұтынушылар психологиялық, мінез – құлық аспектісін талдай отырып бірнеше адамның бір өнім туралы әртүрлі ой қалыптасатыны сөзсіз.
Қолайлы сегмент ретінде 20% тұтынушы иеленетін өнімді сатуды іске асырған жөн.
Соған байланысты өнім бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі сегменттерде әртүрлі болады. Тұтынушылар өз сегменті бойынша өнімнің жетістіктері мен кемшілігін өздігінше бағалайды. Бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін тұтынушылар сегментациясын дұрыс жүргізу керек.
Нарық конъюктурасының тұрақтылық принципі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – белгілі бір кезеңге және нақты нарық сегментіне байланысты түсінік. Өнімнің сапалық және құндық өзгерісі кезінде бәсекеге қабілеттілік үлкен тербеліспен өзгеруі мүмкін.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалау кезінде негізгі параметрлердің ішкі сәйкессіздігін болдырмау үшін тауардың пайдалығын психологиялық аспектілер негізінде зерттеу керек. Мысалға өндірушінің өндіру мүмкіндігі мен тұтынушының сатып алу қабілеттілігі және т.б. нарықтық конъюктурасының өзгеріссіз болуын анықтайтын негізгі фактор сипатында тұтынушының табысы мен шығындар құрылымы болуы мүмкін.
Бірақта аталған жағдай ішкі және сыртқы ортаны аз өзгерістерде экономикалық моделдерді қалыптастыру үшін ақпараттарды жинақтайды.
Нарық субъектісінің рационалды мінез – құлық артықшылық принципі. Нарықтық қатынастардағы әр субъектінің мінез – құлқына негізделген. Тұтынушы мен өндіруші алдын ала анықталған мақсатта рационалды өзара байланысты болады. Олардың байланысын әлеуметтік қажеттіліктер мен оларды қанағаттандырумен түсіндіріледі. Аталған модель көп мөлшерде өндірушімен жүзеге асады. Кез келген кәсіпкер өнімнің өзіндік құннан жоғары сатуға тырысады. Соған байланысты кәсіпорын бәсекелестік ортада өз бәсекелестерін жеңуге жол ашады. Кез келген өндіріуші қолда бар ресурстар мен жоғары пайда түсіруге тырысады. Ортадағы кез келген іс – шаралар өнімнің сапасын жоғарлату немесе төмендету қосымша пайда алуға бағытталған.
Өнімді тұтынушылар рационалды принципке сүйенеді. Аталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға тұтынушылар өздерінің шығындар үлесінің көбеюімен жүзеге асады. Бұл фактор тұтынушының өнеркәсіптік тауарды иеленумен бейнеленеді. Кез келген тұтынушы өзінің ақшасына сапалы өнімді сатып алуға тырысады. Рационалды сұраныс басқа факторларға тәуелді. Рационалды емес сұраныс жағдайында тауарды үш негізгі түрге бөледі:
1. тауардың пайдалығына сыртқы әсер
2. спекулятивті сұраныс
3. ирроционалды сұраныс
Рационалды сұраныс көбінесе тауардың пайдалығының сыртқы әсерінен болады. Яғни аталған тауарды көп басқа тұтынушылар көп қолданады немесе оның бағасы басқа тауарларға қарағанда жоғары. Ол тауарды басқа тұтынушылар тобының мүшелері сатып алады.
Спекулятивті сұраныс өзінің қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында емес өзінің байлығын көбейту мақсатында жүзеге асырылады. Онда екі жағдай кездеседі:
 өнім тұтынуды және тұрақтылық принципіне сәйкес келмейді.
 тұтынушы спекулятивті сұраныс кезінде кәсіпкер ретінде, яғни өнімнің қолайлы бағалық көрсеткішіне бағытталады.
Ирроционалды сұраныс табиғаты тұтынушы мінез – құлқының негізгі факторлар арасындағы шиеленістен пайда болады. Онда тұтынушы аталған өніммен қанағаттанбайды.
Соған байланысты нарық рационалды мінез – құлқы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін моделдеу процесінде пайдалық және т.б. психологиялық, социологиялық заңдары негізінде қалыптасады. [5]
Қорыта келсек, өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы деп айтсақ болады. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет