«Операциялық жүйелер» пәнінен оқу-әдістемелік кешен 5B060200 – «Информатика»мандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Менің компьютерім. (Мой компьютер)



бет13/42
Дата25.01.2023
өлшемі0,49 Mb.
#166351
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
«Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, тәуелді және тәуелсіз ауыстырғыштар, Автоматтандырылған басқару жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қатерлері, Tema-4-Arhitektura-EVM, osn mpt uch p, Вариант №1, Технологии, Техника қауіпсіздігі ережелерімен танысу, Алгоритм практика Азиза 2пвт (1), желі практика Азиза, 2пк, 8, 1пк, «Операциялы ж йелер» п нінен о у- дістемелік кешен 5B060200 – «
Менің компьютерім. (Мой компьютер)
Менің компьютерім (Мой компьютер) компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютер белгісін екі рет басу керек.
Портфель (Мои документы)
Бұл жерде қолданбалы программалармен құрылған құжаттар сақталады.
Себет (Корзина)
Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз. Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз.
Бумалар (Папки).
Құжаттар мен программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз.
Файлдар
Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже арқылы құрылады:
 Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;
 Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;
 Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін, бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;
 Windows файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt және АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі;
 Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.
Жанама меню (Контекстное меню (меню объектов))
Тышқанның оң батырмасын басу тышқан көрсеткіші тұрған объекттің жанама менюін кескіндейді. Бұл меню объектпен жұмыс жасау үшін керекті негізгі командалар тізімін береді. Мысалы, кез-келген файл үшін бұл менюде ашу, көшіру, өшіру сияқты командалар орналасқан.
Терезелік меню терезенің өлшемін өзгерту, оның экранда орналасу ретін көрсетуге, құжатты немесе программаны жабуға мүмкіндік береді.
Терезелік меню батырмасы терезенің сол жақ бұрышында орналасқан. Терезелік менюді белсенді еткенде командалар тізімі пайда болады.
Восстановить (Қалпына келтіру) – терезенің өлшемін осыған дейінгі қалпына келтіреді. Бұл команда терезе экранды толық алып тұрған жағдайда жұмыс істейді.
Переместить (Орнын ауыстыру) терезенің орнын пернелік арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. Бұл команданы таңдағаннан кейін курсор төртбағытты стрелкаға айналады. Терезені жылжыту бағыттауыштар арқылы іске асады. Орнын ауыстырып болған соң, пернесін басу керек.
Размер терезе өлшемін бағыттауыштар арқылы өзгерту мүмкіндігін береді.
Свернуть (бүктеу, орау) терезені батырма өлшемінде есептер тақтасына орайды.
Развернуть (айқара ашу) терезе өлшемін ең үлкен өлшемге дейін (бүкіл экранға) үлкейтеді.
Закрыть (жабу) - терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет