Толқын. Өзімізге механикадан белгілі, серпімді ортаның бір нүктесінде пайда болған деформацияның сол ортада таралу процесі толқын деп аталады. Егер серпімді орта біртекті болса, толқын жан-жаққа радиусты бойлай бірдей жылдамдықпен тарайды. Деформация тарала бастаған нүкте толқын көзі делінеді. Толқын көзінен қашықтықта тұрған нүктенің мезгілдегі тербеліс күйін сипаттайтын теңдеу:
толқын теңдеуі деп аталады. Бұл теңдеудегі - толқынның жол ұзындығы, - толқындық вектор, - бұрыштық жиілік, тербеліс фазасы, - толқынның амплитудасы, - тербелуші нүктенің ауытқуы, - толқын ұзындығы, - толқынның берілген ортадағы таралу жылдамдығы делінеді.
Егер толқын теңдеуінен әрі уақыт бойынша, әрі сәуленің жүріп өткен жолы бойынша екі рет туынды алса:
,
теңдеулері шығады. Бұл теңдеулерді өзара теңестіргенде:
.
Бұл теңдеу толқын теңдеуінің дифференциалдық түрі делінеді.
Толқын көзінің айналасындағы кеңістікте бірдей фазамен тербелген нүктелерді қаптап тұрған бет толқындық бет, ал толқындық беттің таралу бағытын көрсететін түзу сәуле делінеді. Сәуле толқындық бетке әрқашан перпендикуляр болады. Егер толқындық бет жазық бет болса, оның сәулелері өзара параллель болады. Тербелісі теңгеріліп тұрған нүкте жатқан толқындық бет толқын фронты деп делінеді.
Толқындық беттің әрбір нүктесі жаңадан толқын шығаратын центр болады. Бұл нүктеден тараған толқындар элементар толқындар делінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |