Орал қаласы БҚо жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының



Дата25.08.2017
өлшемі41,35 Kb.
#27004
Орал қаласы

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

«Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының

дефектолог – мұғалімі Гиззатова Альфия Халижанқызы
Тақырыбы: Еркін іс – қимыл нәтижесінің болмауына қарамастан ойланып

жасалған іс – қимыл.


Мақсаты: Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, іс-әрекетке деген

қызығушылығын қалыптастыру.


Методикалық әдіс: Өткен тақырыпты қорытындылау.
Көрнекілік: Монтессори блогы, түрлі түсті шар, пирамида, ойыншықтың суреттері.


Іс - әрекет кезеңдері

Дефектологтың іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Сергіту жаттығуы.

«Бұғының үйі»



Балалар бұғының қимылдарын жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Суреттер бойынша іс – қимыл туралы түсінік беру.

- Күнделікті ойыншықтармен ойнау арқылы іс - әрекетіміз, ойлауымыз, ұсақ қол моторикамыз, зейініміз қалыптасады. Бүгін біз бір ай бойы алған білімдерімізді пысықтап, кімнің қаншалықты не үйренгендігін байқайтын боламыз. Сондықтан тапсырмаларды дұрыс, әрі тез орындайық.



Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен ішке Сайқымазақ келеді. Қолында бес түрлі шары болады. Сайқымазақ балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: Балалар менің атым - Сайқымазақ. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы шарлардың ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.

Мұғалім: Қане, балалар Сайқымазақ бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы шарларды санап, түсін айтайық.
Ал, балалар Сайқымазақтың қолындағы шарларын санайықшы?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Сайқымазақтың тапсырмасы осы шарлардың ішінде, оны орындау үшін шарды бір - бірлеп жаруымыз керек. Балалар шарды жарады да, ішінен тапсырманы алып орындайды.

I – тапсырма

Түстерді сәйкестендіріп өз шелектеріне сал. «Шар жинау» (сары, жасыл, қызыл).

Ал, келесі тапсырманы орындау үшін, екінші шарымызды жарып көрейікші, оның ішінде қандай тапсырма бар екен? Қане, кім шарды жарады?
II - тапсырма:
Пирамида құрастыр.
III - тапсырма:
Монтессори блогын өз орындарына жинастыр

Артикуляциялық жаттығу.

Үрмелі шар үру. Ауамен терең дем алып шарды қатты үрлесек сонда шар биікке ұшады. Ал қанекей «Кімнің шары жоғарыға ұшады?». Сайқымазақпен бірге үру.



ІV - тапсырма: Үлгі бойынша берілген суретке қыстырғыштарды сәйкестендіру. Балық, үй, күн.

V - тапсырма: Пішіндерді өз орындарына орналастырып бер.


Сайқымазақ келеді


Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.

Шарларды шелек түстерімен сәйкестендіріп жинастырады.


Пирамида құрастырады. Монтессори блогын өз

орындарына жинастырады.

Үрмелі шар үреді.


Үлгі бойынша берілген суретке қыстырғыштарды сәйкестендіреді.

Пішіндерді орналастырады.


Реалаксация


Жәй әуен қосылады.

Енді сайқымазақпен бірге отырып шәй ішіп жақсы көңіл – күймен шығарып салайық.



Әуен тыңдап сайқымазақпен шәй ішеді.



Рефлексивті - түзетушілік

Қорытынды.

  • Біздер бір ай бойы алған білімдерімізді сайқымазақтың әкелген тапсырмалары бойынша пысықтап барлық тапсырмаларды орындадық.

  • Сайқымазақ балаларға сыйлыққа жұлдызша береді.

Мадақтау.

  • Жарайсыңдар балалар бүгін түзете дамыта жұмысына жақсы қатыса білдіңіздер.

Кәне бәріміз сайқымазаққа бізге жақсы тапсырмалармен жақсы көңіл – күй сыйлағаны үшін рахмет айтайық.

Сайқымазаққа рахмет айтады.




Дефектолог мұғалімі: Гиззатова Альфия Халижанқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет