Орал гуманитарлық-техникалық



бет8/8
Дата07.05.2017
өлшемі6,33 Mb.
#15743
1   2   3   4   5   6   7   8
Жолдасова Гульшат Тлектесовна

Оқу бөлімінің меңгерушісі



45

51-30-96




Жайманова Лиза Акболатовна


Сырттай оқу бөлімі меңгерушісі



45

51-30-96




Сарсенгалиева Ажар Батырбаевна



Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары



36

50-44-49




Серикбаева Бакытнур Улыкпановна


Бас есепші



47

51-24-71

6.

Курманалина Жаннат Хайруллаевна



Кадрлар бөлімі бастығы

36

50-44-49

11.

Косдаулетов Серик Галымжанович



АӘД жетекшісі

2

51-30-96



ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!
Колледж студенттері ішкі тәртіп ережесін білуге

және орындауға міндетті
Оқу үрдісін ұйымдастыру:

1. Күндізгі бөлім студенттеріне оқу жылы 1 қыркүйектен басталады, 2 семестрден және оқу-кәсіптік бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес аяқталады.Семестрлердің басталуы мен аяқталуы, емтихандар, өндірістік (кәсіптік) практикалар оқу жылы басында колледж атқарушы директорымен бекітілген оқу үрдісі кестесіне сай жүргізіледі.

2. Колледжде оқу үрдісі оқу жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес аптаның 6 күнінде (дүйсенбі мен сенбі аралағында) жүзеге асады. Жексенбі мен мейрам күндеріндегі оқу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сай жіберіледі.

3. Сабақ кестесі директордың оқу ісі және директордың оқу-өндірістік жұмысы орынбасарларымен бекітіліп, тиісті орынға ілінеді.

4. Оқу сабақтары оқу бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалған колледждің атқарушы директорымен бекітілген сабақ кестесімен жүзеге асады.

5. Сабақ кестесі семестрға құрылып, оқу жылы басталардан 3 күн бұрын ілінеді.

6. Колледжде сабақ екі ауысымда жүргізіледі.

7. Академиялық сағат ұзақтығы 45 минут. Пән бойынша сабақ үзіліссіз екі академиялық (пара) сағатқа созылады. Сабақ арасындағы үзіліс 5 минут, екінші және бесінші парлардан кейінгі қоңырау ұзақтығы 15 минут.

8. Сабақ басталғаннан кейін оның дұрыс өтілуі үшін барлық оқу бөлмелері тыныштықпен және тәртіппен қамтамасыз етілуі керек. Сабақ барысында сабақтың үзіліп, аудиториядан кіріп-шығуға тыйым салынады.

9. Сабақ басталғаннан кейін студенттердің аудиториядан шығу немесе кіруі тек оқытушының рұқсатымен орын алады.

10. Жылдың басында әр оқу тобына колледждің атқарушы директорының бұйрығымен топтың кураторы тағайындалады.

11. Әр академиялық топта студенттердің сабаққа қатысуы жөнінде есеп журналы жүргізіледі.

12. Студенттер сабақтың басталу уақытынан 10-15 минутқа ерте келуі тиіс.

13. Аудиторияда, оқу шеберханаларында және оқытушылар (лаборанттар) кабинетінде іс жүзіндегі сабақтарды жүргізу үшін, оқытушылар алдын ала керекті оқу құралдарын дайындап қоюуы керек.

14. Әр топта куратордың ұсынысымен, студенттердің ортақ пікірімен оқу жылына оқу үлгерімі жақсы және тәртіпті студент топ басшысы болып сайланады. Топ басшысы куратордың басшылығымен жүреді.

15. Студенттер емтихандық сессияға оқу жылының талаптарын толық орындаған жағдайда, сынақтарды тапсыруға және ағымдағы семестрдің оқу пәндерін қорытынды аттестациялауға педагогикалық кеңес бөлімінің шешімімен жіберіледі.

16. Колледж студенттері пәндік оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес сабақтың барлық түрлеріне қатысуға міндетті.

17. Емтихандық сессияны сәтті т

апсырып, оқу бағдарламасын орындап және өндірістік тәжірибеден өткен студент, атқарушы директордың бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

18. Ағымдағы бақылау үлгерімінің өткізілу тәртібі, аралық және қорытынды аттестациялау, студенттерді курстан курсқа жіберу және академиялық демалыс тиісті ережелермен реттеледі: «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің ағымдағы аралық және қорытынды аттестициясының өтілуі туралы», «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің көшірілуінің және қалпына келтірілуінің ережелері туралы», «Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне академиялық демалыс берілуі туралы».

19. Колледжде болған уақытта жеке заттары үшін студенттер өздері жауапты.

20. Студент гардеробтағы номерокті жоғалтып алған жағдайда, оның бастапқы бағасын төлейді.


Колледж студенті құқылы:

- мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

- өз ойын ашық айтуға, сыйластыққа, ар-намыс, ожданың қорғауға,

- колледж қызметінің маңызды мәселелерін, студенттердің қоғамдық ұйымы мен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;



  • колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

  • оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

  • оқу жоспарын арнайы кесте бойынша орындауға, емтихандарды экстерн жоспары бойынша тапсыруға;

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысуға;

  • коллледжішілік маңызды шешімдерге қатысуға;

  • колледж ішіндегі мамандықтан екінші мамандыққа ауысуға немесе бір бөлімнен екінші бөлімге ауысуыға;

  • колледж жұмыс оқу жоспарында қарастырылған факультативты курстарды таңдауға;

  • колледждегі студенттік өзін-өзі басқару кеңесіне сайлауға және сайлануға;

  • оқудан бос уақытында кәсіпорында немесе басқа құқылы мекемелерде,колледжде ақылы еңбектенуге.


Студенттердің негізгі міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

  2. Колледж Жарғысын, студенттердің ішкі тәртібінің ережелерін, колледж студенттеріне арналған қағидаларды сақтауға, әкімшілік шешімдерін орындауға;

  3. Таңдаған мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарында берілген пәндерден теориялық, практикалық білім алуға;

  4. Тапсырмалардың барлық түрлерін белгіленген уақытта орындауға, мәдени және кәсіби деңгейлерін көтеруге; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес оқу жоспарын орындауға;

  5. Бекітілген сабақ жоспары бойынша оқу және практикалық сабақтарға қатысу; Кірер кезде студенттер вахтерге немесе кезекшіге студенттік билетін көрсетуге;

6. Сабаққа кешіккен студентке сабаққа қатысу кезекші әкімшіліктің рұқсатымен орындалады;

7. Еңбекқорлыққа тәрбиеленуге, колледждің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысуға;

8. Студенттер тәртіпті, ұқыпты болуы керек, өздерін Колледж қабырғасында, далада, қоғамдық орындарда қадір қасиетін жоғалтпайтындай етіп ұстауға;

9. Өзге де білім алушылар мен педагог қызметкерлердің ар намысы мен қадір қасиетін құрметтеуге, басқалардың көзқарастарын сыйлауға;

10. Колледждің оқу-материалдық базасын нығайтуға;

Колледж мүлкіне нұқсан келтірген жағдайда студент оқудан шығарылуға дейін қаралады, ата-анасын келтірген зиянның орнын толтыруы қажет;

11. Оқу және практикалық жұмыстар кезінде студент тиісті:

- ұялы телефонын сөндіруге,

- Сабақ басталғаннан кейін аудиториялардан студенттердің шығып, кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

- оқытушыны не жолдастарының жауаптарын ұқыпты тындауға;

- сөйлеспеуге немесе басқа әрекет жасауға;

- оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға,

- жауап берген соң, оқытушының рұқсатымен отыруға;

- кабинетке оқытушы кіргенде студенттер тұрып қарсы алады;

12. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;оқытушының рұқсатысыз құралды кабинеттен алып кетуге;

13.Белгілі себептермен сабаққа келмеген жағдайда, студент оқытушыны ескерту керек, оқуға жарамсыздығы туралы емдік мекемеден анықтама тапсыруы тиіс. Еш құжатсыз сабақтан қалу себепсіз болып есептеледі. Кей жағдайларда студент ата-анасы өтініші бойынша, бөлім менгерушілері мен кураторының рұқсатымен жіберіледі.

14.Себептермен орындалмаған үй тапсырмасы туралы студент оқытушыны алдын ала ескертеді.

15.Сабақта болмаған студенттер міндетті:

- үй тапсырмасын өз бетінше орындауға;

- оқытушылардан тапсырмаларды алуға;

16.Сабақтан соң, студент кабинетті босатуға;

17. Оқу ақысының 50% студент І курсқа қабылдансымен,1 қыркүйекке дейін, ал қалғанын 1 желтоқсанға дейін төлеп аяқтауға міндетті.

18.Уақытылы оқу ақысын төлемеген студенттер қысқы сессияға жіберілмейді.
Студент академиялық адалдықты сақтап, төмендегідей әрекеттерге жол бермейді:

а) академиялық жұмысты орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестациялау барысында өзіне немесе басқа біреуге көмек көрсету мақсатымен ақпаратты заңсыз түрде алуға, көшіруге, алдын ала дайындаған қағаздарды қолдануға;

б) плагиат, немесе өзге біреудің ойлары немесе жұмыс қорытындысын өзінікі деп көрсетуге, ұрлауға;

в) құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасауға, жалған сөйлеу, көшіру, сақтаулы тұрған ақпаратты (сонымен қатар компьютердегі) өзгерту немесе басқа да заңсыз қолдану түрлеріне жол беруге.


Колледжде рұқсат берілмейді:

  • Колледжде сыртқы киіммен, бас киіммен жүруге;

  • Сабақ уақытында дәлізде қатты сөйлеу, күлу, музыка қосуға;

  • құмарлық ойындар ойнауға (мысалы карта ойнау немесе басқа да);

- ашық түсті косметика қолдануға, қолайсыз маникюр қолдануға;

- сабақ кезінде тамақтануға;

- колледж төңірегінде шылым шегуге;

- біреуді қорқытып-үркітуге, дөрекі сөйлесіп, ар-намысын аяққа таптауға, ұрлық жасауға, Колледждің және оның қабырғасында білім алушы немесе оқытушылардың жеке мүліктеріне қасақана зияндық тигізуге, бұзақылық жат әдет-қылыққа жол беруге (дөрекі қылық, айқайлау, түкіру);

- спирттік ішімдіктерді қолдануға, токсикалық және есірткі заттарды қолдануға;

- дене тәрбиесі сабақтарына формасыз келуге;

- колледжге шорты, сланцы киіп келуге;

- 2009 жылдың 26 қазанындағы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің №3-02-4/2052 хатына сәйкес колледжде діни киіммен ерекшеленуге (cақал-мұрт өсіру, хиджап кию), діни рәсімдерді орындауға, діни әдебиеттерді таратуға тиым салынады.


Колледж студенттері оқудан шығарылады:

- оқу бағдарламасы орындалмағаны үшін;

- ұзақ уақыт оқу үрдісін жібергені үшін; (семестр б\ша 4 аптадан артық);

- академиялық үлгермеушілігі үшін;

- оқу ақысын уақытында төлемегені үшін;

- колледж Жарғысын, ішкі тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін;

- құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін;

- емдік немесе басқа анықтама бойынша;

- студентті оқудан шығару атқарушы директордың бұйрығымен орындалады.

- Ережелердің әрекеті Орал гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің барлығына таратылады.

- Ішкі тәртіп ережесі барлығы танысу үшін колледж ғимаратының көрінетін жеріне ілінеді.

Берілген ереже орындалуы ОГТК барлық студенттеріне арналады. Танысу мақсатында ішкі тәртіп ережесі колледждің көрнікті жеріне ілінеді.


Ескерту: Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережесінің толық нұсқауын (оқу жоспары, оқу үрдісінің, сабақ,педпрактика кестелерін,т.б.) куратордан немесе әкімшіліктен алып танысуға болады.
Ереже педагогикалық Кеңестің отырысында талқыланып, бекітілді.

Хаттама №1, 3 қыркүйек 2013 жыл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет