Оразбаева Жанар Кенжебаевна, Қарағанды қаласы, №59 жббом ел ертеңін ойлаған Елбасы Мақсаты: «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні»



Дата02.07.2018
өлшемі96 Kb.
#45551
Оразбаева Жанар Кенжебаевна,

Қарағанды қаласы,

№59 ЖББОМ

Ел ертеңін ойлаған Елбасы

Мақсаты: «1-желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;

Көрнекілігі: слайдты презентациялар, үнтаспа, Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері, шарлар.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар,ұстаздар! Барша Қазақстан халқы 1-желтоқсанда Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Осыған орай біз де «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп отырмыз.

- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1-желтоқсанда аталып отыр.

(1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайланды)

Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 26 жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.


1-жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне,біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан-Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше,

Армысыздар,ақ пейілді көпшілік!


2-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш президенті күніне арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші: Олай болса, елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.


2-оқушы:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


3-оқушы:

Сол жылдары Елбасымыздың басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
4-оқушы.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
Бейнеролик

Жүргізушілер:

Келесі кезекті викториналық сұрақтармен жалғастырайық:

1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы, 6-шілдеде Алматы облысы,Қаскелең ауданы,Шамалған ауылында)

2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады?(1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)

3. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан президент болып сайланды?(1991 жылы 1-желтоқсанда)

4.Біздің еліміз қашан тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсанда)

5.Астана қаласының тұсаукесері қашан болды? (10-маусым 1998 жылы)

6.Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай жеке еңбектері бар? («Еуразия жүрегінде», «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Сындарлы жыл»)

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады? (Елтаңба,Әнұран,Ту)

8.Ту мен Елтаңбаға сипаттама беріңдер. (Елтаңбада шаңырақ,қос тұлпар бейнесі,бес жұлдыз, «Қазақстан» сөзі бар.Туда қыран,күн,қазақтың ою өрнегі бар).

9.Әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 7-қаңтарда)

10.Авторы кімдер? (Әні Шәмші Қалдаяқовтікі,сөзі Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі)

1-жүргізуші:

Елімнің атын айтсам -Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам –Қазақстан!

Ел тарихы, жер тарихы-өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
2-жүргізуші:

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!


Келесі сөз кезегін оқушыларға берейік.
1-оқушы:

Халқымда күш-қуат бар озар лайық,

Сондықтан алға қарай қозғалмайық?!

Тәуелсіз елдің туын желбіретіп,

Көтерген көкке биік Назарбаев!
2-оқушы:

Ашылып алдымыздан оң құбыла,

Бақ болып басымызға қонды мына.

Кірсек біз елу елдің қатарына,

Содан соң қол созамыз ондығына.

3-оқушы:

Арқаны кеңге салмай,уақыт тарын,

Қолымен қойғандай ғып танып бәрін,

Берді айтып қолымызға ұстатқандай,

Өрлетер әр саланың бағыттарын.
4-оқушы:

Қалдырмай әрбір ауыл,әр ошақты,

Өшпейтін бұл өмірдің шамын жақты.

Айқындап көз алдына әкеп отыр,

Тап басып тамыршыдай болашақты.
5-оқушы:

Толығар нәрсең болса толықпаған,

Өйткені тауым тыныш,тұнық далам.

Ұстатып қолына оның ел тізгінін,

Сол үшін халқым сеніп ұлықтаған.
6-оқушы:

Барынша қабілетті болған елдер,

Білеміз тек еңбекпен кемелденер.

Айтып тұр Елбасымыз,сасар түк жоқ,

Бұл деген тірлік екен қолдан келер.
7-оқушы:

Қадамы мықты елміз алға басқан,

Сондықтан кем болмаймыз бақ-ырыстан.

Ап шықты Елбасымыз жолын тауып

Кешегі төніп келген дағдарыстан.


8-оқушы:

Шалқытып ақын жүрек толғасын да,

Көшбасшың адастырмасбар қасыңда.

Жол тартты Жаңа әлемге Қазақстан

Көреген Елбасының арқасында.
9-оқушы:

Көрінер осыдан-ақ озғаны әрі,

Сірескен сеңді бұзып қозғағаны.

Қаймықпас қара дауыл,борандардан,

Ол-елдің қыран бүркіт,мұзбалағы.
10-оқушы:

Бойында күш-жігерін аяп қалмай,

Оятқан елімізді таң аттырмай.

Нұрсұлтан бұл ғасырдың ғұламасы,

Ап шыққан жұрт соңында шаң қаптырмай.
11-оқушы:

Жақсының айтады ел жақсы атын,

Тұнық боп тұмасынан басталатын.

Елінің ертеңіне көз жіберген,

Талмасын,Қыран Бүркіт,қос қанатың!
12-оқушы:

Кенеліп мол табысқа ұлан-ғасыр,

Жасап ап кереметтер келер асыл,

Жүрейік биік ұстап еңсемізді,

Таң қалып жатсын бізге мына Ғасыр!

Үш оқушы ортаға шығады

1. Елбасымыз 2017 жылы 31 қаңтарда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанды Үшінші жаңғырту аясында ұзақ мерзімді мақ­сат­тармен қатар, жедел шешілуі тиіс мін­дет­терді нақтылап берді.

2. Осы жылы Елбасымыздың қолдауымен елімізде «Астана Экспо – 2017» көрмесі өткізілді. 3 ай бойы көрмеге әлемнің 178 мемлекетінен 4 миллионға жуық адам келген. Осы уақытта 3,5 мың мәдени шара ұйымдастырылып, 33 мыңдай әртіс өнер көрсеткен. Сондай-ақ, «ЭКСПО-2017» көрмесінде адамзат өміріне елеулі өзгерістер әкелген 153 жаңа өнертабыс таныстырылған. «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі маусымның 10-да басталған. Көрмеге 112 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысып, «Болашақтың энергиясы» тақырыбында 130-дан астам экспозиция ұсынды.

3. Рухани жаңғыруымыздың Темірқазығына айналған  Латын әліпбиіне өту  мәселесі  шешімін тапты. 27.10.17 ж. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».


2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Ән «Нұр аға»

1-жүргізуші: Біз бүгін ұлтымыздың кемеңгер данышпанына айналған білімді,ақылды,өзінің ұстанған саясаты бар Нұрсұлтан Назарбаев туралы бар білгенімізді ортаға салдық.Президент біз үшін ұлы тұлға. Біз Елбасымен мақтана аламыз.Мақтай да аламыз.
2-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сынып сағатымызды «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтасақ.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет