Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі
№22 Еңбек орта мектеп
Бекітемін: Келісемін:
№22 ЕОМ директоры: АӘК әдіскері:
Ж.К. Кустутинов Абдыкалыкова К.О.
__________________ __________________
«______» _______ 2020 ж «______» _______2020 ж
«Тарихи тұлғалар»
Таңдау курсы
(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Пән мұғалімі: Алдаркосеева Айнур
10-сынып
Еңбек ауылы
2020-2021 оқу жылы
Бағдарлама құрылымы:
Түсінік хат
Мақсаты мен міндеттері
Күтілетін нәтижелер
Тақырып жоспарының мазмұны
Күнтізбелік жоспар
Пайдаланылған әдебиеттер
Түсінік хат
1. Бағдарлама Елбасымыздың «20 қадам» стратегиялық мақаласында айтқандай «Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту басты ұстанымымыз» деген сөздерін басшылыққа ала отырып әзірленді.
2. «Тарихи тұлғалар» үйірмесі оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.
3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.
4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті, рухани мәнге ие жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған.
5. «Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ» - деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ тарих беттері ұлы тұлғалар мен батырларға, ғалымдар мен ғұламаларға, саясаткерлерге толы. Олардың жүріп өткен жолын саралау, ұлағатты сөздерін бағалау, өнегелі істерін айшықтау – рухани – адамгершілік мол тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де, оларды жүзеге асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақтың ісі.
6. Оқушылар арасында рухани тәрбиені қалыптастыруда тарихи тұлғалардың алар орны ерекше. «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей тарихи тұлғалардың тарихтағы игі істерін, жағымды қасиеттерін өз бойына қондырып, кеткен кемшіліктерінен сабақ алу да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
7. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан еш уақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істеген істері рухани тәрбиеге толы.
8. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.
Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.
Мақсаты:
- халқымыздың орта ғасырда өмір сүрген тұлғаларының өмір жолымен таныстыру;
- бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
- тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету;
- тұлғаларымыз жайлы әдебиеттер және жаңа деректермен таныстыру;
- сондай-ақ қазіргі танда сұраныстан кенжелеп қалып бара жатқан ақпарат, көркем әдебиет көздерін ашуда оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
- оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту;
- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Міндеттері:
1) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын қалыптастыру;
2) «жеке тұлға», «патриот», «азамат», «азаматтық», «азаматшылық», «патриотизм» ұғымдарының адам өміріндегі рөлін көрсету;
3) оқушыларды Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғаларға қатысты деректермен жұмыс істей білуге үйрету және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
4) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту;
6) Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жан-жақты ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |