Жетіншіден, жалқы есімдер, жер-су атаулары, күрделі атаулар емлесі Орфографиялық сөздіктің соңында жеке тізбе арқылы беріледі. Дегенмен тіл қолданысы үшін мейлінше актуалды Ата заң, Мәңгілік ел, Ақорда, Елбасы, Наурыз мейрамы, Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Шекшек ата типтес тілдік бірліктер сөзтізбе қатарынан орын алады.
Латын графикасы негізіндегі әліпби бойынша кирилше-латынша параллель орфографиялық сөздіктің белгілі бір лексикографиялық межелерді басшылыққа ала отырып, толықтырылған, сұрыпталған, жүйеленген, жаңартылған нұсқасы қазақ сөзінің кодификациясы мен нормалануының үлгісі ретінде қазақ тілі қолданылатын барлық салаларға қажетті құрал болып табылады.