Сүйек-буын туберкулезі көбінесе омыртқада орналасады,сирек жағдайда сан-жамбас буынында және тізе буынында,өте сирек шынтақ және иық,табан сүйек,саусақ және басқа сүйектерде орналасды.
Спондилит сүйек буын туберкулезінің 40% — құрайды. Омыртқа туберкулезімен көбінесе жас балалар ауырады. 2, 4 — кеуде омыртқалары жиі зақымдалады. Қабыну кезеңдері спондилит алды, спондилиттік және спондилиттен кейінгі деп бөлінеді
Туберкулез қоздырушы таяқша омыртқаға, әдетте, қан ағымымен (гематогендік жол) жетеді. Бұл жағдайда науқастың кеуде омыртқасында, мерез болған спондилитте – мойын омыртқада, ал Бехтерев ауруынан болған спондилитте – бел омыртқада өзгеріс болады.