Органическая химия



бет36/43
Дата20.04.2022
өлшемі0,79 Mb.
#140096
түріМетодические указания
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
СРСП новый

10.2 Бақылау сұрақтары:

1) Екіншілік аминнің құрамында элементтердің массалық үлестері төмендегідей болса, оның формуласы қандай? Көміртек – 61 %, сутек - 15,3 %, азот – 23,7 %.


2) Массасы 61,5 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы 37,2 г анилин алынған болса, анилиннің пайыздық шығымы қандай болады?


3) Массасы 50 г анилиннен 60 г ацетанилид алынды. Бұл теориялық шығымның қанша пайызын құрайды?

4) Реакциялық қоспаға бром суымен әсер еткенде массасы 8,25 г триброманилин алынды. Реакциялық қоспада қанша анилин болған?


5) Массасы 5,16 г этиламин жанғанда (қалыпты жағдайда) қанша көлем азот бөлінеді?


6) Массасы 73,8 г нитробензолды тотықсыздандырғанда 48 г анилин алынған. Түзілген өнімнің шығымы қандай?

7) Анилин өндірісінде өндірістік шығындардың әсерінен көлемі 4,4 м3, тығыздығы 0,88 кг/л бензол түзілді. Өнім шығымы 70 % болса, қанша анилин алуға болады?


8) Массасы 18,6г анилин массасы 104г броммен әрекеттескенде қанша грамм 2, 4, 6 – трибром анилин түзіледі?


Жауабы: 66 г

9) Фенол мен анилиннің бензолдағы ерітіндісі алынған. Ерітіндідегі фенолдың массалық үлесі 20%, ал анилиндікі 30%. Массасы 200г бастапқы ерітіндінің үлгісін бромдау үшін бромның массалық үлесі 8% болатын ерітіндіден неше грамм алу керек ? Бром көміртектің тетрахлоридінде еріген.


Жауабы: 6,425 кг

10) Массасы 250 г фениламмоний хлориді ерітіндісіне натрий гидрок­сиді ерітіндісінің артық мөлшерімен әсер еткенде анилин алынған. Оны бромдауға массасы 72 г бром жұмсалған. Ерітіндідегі фениламмоний хлоридінің массалық үлесі 10 %, анилиннің шығымын есептеңіз.


11) Массасы 19,5 г бензолды нитрлегенде шығымы 80 % болатын нитробензол түзілді. Нитробензолды тотықсыздандырғанда қанша анилин түзіледі, егер анилиннің шығымы 85 % болса?


12) Массасы 369 г нитробензолдан анилиннің қандай массасы алынады, егер өнім шығымының массалық үлесі 95 % болса?


13) Зертханада 61,5 г нитробензолды тотықсыздандыру жолымен 44г анилин алынды. Пайыздық өнім шығымы қандай болады?


14) Анилиннің суда сұйытылған ерітіндісіне артық мөлшерде бром үстеп қосылды, 3,3 г тұнба алынды. Ерітіндіде неше грамм анилин болған?


Жауабы: 0,93 г

15) Массалық үлестері С- 65,7 %, Н – 15,07 %, N – 19,18 % болатын үшіншілік аминнің формуласын анықтап, атаңыз. Құрылыс формуласын атаңыз.


11 АМИНОҚЫШҚЫЛДАР






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет