6.1 Номенклатурасы мен изомериясы
Бір атомды қаныққан спирттердің жалпы формуласы СnH2n+1OH, немесе R – OH.
Олар гидроксил тобы байланысқан көміртек атомының сипатына байланысты: біріншілік(I), екіншілік(II) , үшіншілік (III) болып жіктеледі:
Бір атомды спирттерді жүйелік номенклатура бойынша атағанда сәйкес қаныққан көмірсутегіне – ол жұрнағын жалғайды: СН3ОН – метил спирті немесе метанол, С2Н5ОН – этил спирті немесе этанол. Тармақталған тізбекті спирттерді атағанда, бірінші ең ұзын тізбек таңдалып, гидроксил тобы жақын орналасқан шеттен бастап нөмірленіп, радикал орны көрсетіледі:
Спирттерде гидоксил тобының орнына және көміртегі қанқасына байланысты екі изомер жазуға болады:
а) гидроксил тобының орнына байланысты изомер
6.2 Алу жолдары
Қаныққан бір атомды спирттерді алудың бірнеше әдістері бар.
Алкендерді гидратациялау
а) тікелей гидратация (Аl2О3; Н3РО4; ZnО катализаторлары):
Kaт , t
R -CH=CH2+H2O R-CH-CH3
алкен
OH
екіншілік спирт
ә) күкірт қышқылды гидратация (Н2SО4 катализаторы):
н2о
R – CH=CH2 + H2SO4 → R–CH2-CH2 – O – SO3H → R– CH2 – CH2 – OH + H2SO4
алкен алкилкүкірт қышқылы алкил спирті
Көміртегі (II) оксиді мен сутегінен алу:
кат,t
nCO+2H2 → CnH2n+1OH + (n+1)H2O
кат,t
CO + 2H2 → CH3OH
3. Көмірсуларды ферментативтік ашыту арқылы алу. Бұл әдіс арқылы көбіне этил спиртін алады:
(C6H10O5)n + nH2O C6H12O6
полисахарид моносахарид
C6H12O6 → 2C2H5OH + 2CO2
моносахарид этанол
4. Альдегидтер мен кетондарды тотықсыздандыру арқылы алу. Катализатор (Ni; Pt; Co; Pd) қатысында альдегидтер – біріншілік, ал кетондар – екіншілік спирттерге тотықсызданады:
5. Галогентуындыларды сілті қатысында гидролиздеу:
R – Х+ NaOH → R – OH + NaCl
6. Альдегидтер мен кетондарды металлорганикалық қосылыстармен әрекеттестіру (Тищенко, Вагнер, Зайцев, Бутлеров реакциялары):
7. Күрделі эфирлердің гидролизі:
R – CО–OR' + H2O → R–CООН + R'OH
күрделі эфир карбон қышқылы спирт
8. Оксосинтез:
9. Карбон қышқылдары және олардың эфирлерін тотықсыздандыру:
Достарыңызбен бөлісу: |