Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Генкель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.
Ғаламшарда тіршілік біржасушалылар түрінде туындады. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан бастама алады. Оның адамда - зигота, саңырауқұлақта - спора немесе бақбақта партогенез (қыздықты көбею) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан пайда болуы мүмкін. Жұмыртқаның соңғы бөлшектенуі (бластула) кезеңінде көпжасушалардың ұрық сатылары қазіргі сары домаланғы (золотистый вольвокс) іспетті алғашқы шоғырлы көпжасушалылар сатыларына сай келеді. Ұрық жапырақшаларының (гаструла) қалыптасу сатысы бастапқыда - ішекқуыстыларға, ал кейінірек жалпақ құрттарға сәйкес болады. Ағза өз таксонына жеткенге дейін одан әрі дами береді. Бірақ негізгі межеден әрі ұзамайды. Жорғалаушылардың эмбрионы құстар сатысынан ешқашан өтіп кетпейді, сондай-ақ қосмекенділердің эмбрионы жорғалаушылардың сатысына өтпейді. Оның есесіне қосмекенділердің эмбриондары балықтар сатысынан өз сатысы бақаларға дейін едәуір ұзақ жол кешеді. Адам эмбрионында дами бастаған кезде жұтқыншағында желбезек саңылауы, желі, екі бөлімді жүрек, шеміршекті қаңқа пайда болады. Соңынан саңылаулар бітісіп, жүрек үш бөлімді, кейінірек төрт бөлімді бола бастайды. Шеміршекті каңқаны сүйекті қаңқа алмастырады, алайда сүйек ішінде куыстар (құстардағыдай) болады. Бастапқыдағы ми кепіршіктері түріндегі ми соңынан бес бөлікке бөлініп, жекеленеді.