ИЗОМЕРИЯ ТҮРЛЕРІ. ЦИС -,ТРАНС ИЗОМЕРИЯ Қос байланыс кұрастыратын көміртек атомдары зр2-гибридтік күйде болады қос байланыстың С=С σ-құраушысы және С - Н σ-байланыс бір жазықтықта өзара 120° бұрыш кұрайды, ал қос байланыстың С=С π-кұраушысы σ-байланыстар орналасқан жазықтыққа перпендикуляр бағытта созылған электрондық бұлт болады. Қос байланыс өз осінен еркін айналуға мүмкіндік бермейтіндігінен алкендердің осы кұрылысымен орынбасушыларының орнына байланысты геометриялық изомерияның (цис-транс-изомерия) болуына мүмкіндіктер туындайды.Кеңістіктік изомерияның бір түрі осы геометриялық изомерия болып табылады
(цис- лат. «қатарынан, бір жақта», транс- лат. «кері, әр жақга»).
ОРГАНИКАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ БОЙЫНША КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Органикалық қосылыстарға тән реакцияларды әр түрлі негіздері бойынша жіктеуге болады.
а ) Орын басу реакциялары R-X + A→ R- A + X бір атом (немесе атомдар тобы) басқа атомдармен немесе атомдар тобымен орын басқанда жаңа ковалентті байланыстар пайда болады