1) құрылымдық, яғни жаңа молекула құрайтын С–С байланыстарының түзілуі (мысалы, Гриньяр, Фридель-Крафтс реакциялары);
2) бұзылу немесе ыдырату әдістері. Мұнда синтездегі рөлі аяқталған молекулаларды істен шығару мақсатында С–С байланыстарын бұзу қаралады (мысалы, декарбоксилдеу, диолдардың периодты тотығуы, т.б.);
3) функционалды топтарды ауыстыру. Бұл әдісте түпкілікті қосылысты сақтап қалу үшін молекулаға басқа функционалды топ енгізіледі (мысалы, спиртті алкильгалогенидке, жай және күрделі эфирді карбонильді қосылыстарға, т.б.)
Гидратация және дегидратция процестері өнеркәсіпте кең ауқымда қолданылады, әсіресе төменгі спирттер, альдегидтер, эфирлер және кейбір қанықпаған қосылыстарды алу үшін.
Гидратация және дегидратция процестері өнеркәсіпте кең ауқымда қолданылады, әсіресе төменгі спирттер, альдегидтер, эфирлер және кейбір қанықпаған қосылыстарды алу үшін.
Судың олефиндерге қосылуы әр уақытта Марковников ережесі бойынша жүзеге асырылады, осының салдарынан этиленнен этанол, пропиленнен және н-бутеннен – изопропанол және екіншілік-бутанол, ал изобутеннен – үшіншілік бутанол түзіледі:
Ацетиленнің және нитрилдердің үш байланыстары бойынша гидратациялау карбонильді қосылыстар – ацетальдегид және амид береді:
Олефиндерді гидратациялау арқылы көптеген өнімдерді алады.
Этанол С2 Н5 ОН 78,30 С температурада қайнайтын сұйықтық, ол ауамен 3-20% концентрация шегінде жарылғыш қоспа түзеді. Сумен құрамында 95,6% спирт болатын азетропты қоспа береді, түзілетін 155 қоспа 78,10 С температурада қайнайды. Медициналық практикада этил спирті негізінен компресстерге арналған сыртқы антисептикалық және тітіркендіргіш зат ретінде қолданылады. Хирургтың қолын, операция жасалатын аумақты, медициналық құралдарды тазалап-өңдеуде.
Синтетикалық этанол этиленді гидратациялау арқылы алынады.
Хлор атомын алмастыру арқылы хлор туындыларының гидролизі артық суда Na2CO3 (спирттерді алу) немесе NaOH (фенолдар синтезі) көмегімен жүзеге асырылады. Хлор туындыларының әрекет ету қабілетіне байланысты процесс 120 – 1250С (аллилхлоридтің гидролизі) – 300 – 3500С (хлорбензолдың гидролизі) температурада жүргізіледі. Әлбетте, қоспаны сұйық күйде ұстау үшін 0,5-1,0-ден 10 МПа-ға дейінгі қысым қажет. Мұндай жағдайларда байланыс уақыты бірнеше минуттан 20-30 минутқа дейін өзгереді.