Организмнің дамуы деп



Дата21.02.2022
өлшемі22,66 Kb.
#132760
Байланысты:
Оқушылардың даму физиологиясы 1
Lab №1

Оқушылардың даму физиологиясы
Ділдәбек Ажар
109- топ

  1. Организмнің дамуы деп – сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызметті атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтамыз. Организмнің дамуы 2 тұрғыда жүзеге асырылады: физикалық және функционалдық даму.

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

  1. Организмнің өсуі дегеніміз – организмдер өсу кезеңінде жасушалар санының артуынан жеке мүшелері ұлғаюы, жас даралар бірте-бірте ересектерге айналуы.

  2. Физикалық дамудың көрсеткіштері - мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны.

  3. Функционалдық дамудың көрсеткіштері - мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.

  4. Өсу мен дамудың гетерохрондылығы - үнемі біркелкі болмауы. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.

  5. Адам жасының өсу кезеңдері

  1. Нәресте- алғашқы 10 күн;

2. Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы;
3. Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы;
4. Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы;
5. Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала);
6. Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала);
7. Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала);
8. Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер);
9. Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер);
10. Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер);
11. Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер);
12. Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары.
7. Баланың өсу қарқыны мен дамуының сыртқы белгісі, дене пропорциясы
- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;
- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;
-ерте жыныстық жетілу;
-баланың сүйегінің ерте қатаюы;
-бойдың өсуінің ерте тоқтауы.
8. Жыныстық жетілу кезеңдері - жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.
9. Адам организмінің өсу қарқыны күшейетін кезеңдер
1) туғаннан 3 жасқа дейін;
2) 3-7 жас аралығы;
3) жыныстық жетілу кезеңінде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет