Е с к е р т у л е р:
1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о әрпі жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарларының алғашқы буынында) о, ө әріптері жазыла береді: көркем- өнер (көркем//ө-нер), кәсіпорын (кәсіп//о-рын), алабота (ала//бо-та), Айнамкөз (Айнам//көз), оқтын-оқтын (оқтын//оқ-тын), төсек-орын (төсек//о-рын).
4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұлан, құ-лақ, жұ-дырық, құ-мыра, үл-кен, тү-йіншек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт.
Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі буында естілетін (айтылатын) ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері жазылады: құндыз (айтылуы – құндұз), құрық (айтылуы – құрұқ), бүгін (айтылуы – бүгүн), күбір (айтылуы – күбүр), орын (айтылуы – орұн), өңір (айтылуы – өңүр), домбығу (айтылуы – домбұғұу).
Е с к е р т у л е р :
1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында естілуінше ұ, ү әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм, нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады).
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарында) ұ, ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк//құ-тан), Аққұдық (Ақ//құ-дық), қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік), күп-күрең (күп//кү-рең).
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://www.98mag.kz/likbez/қazaқ-zhazuynyң-tarihy-kirilliczadan-latynғa/
Досанова А.Ж. Қазақ әліпбиінің тарихы. –Астана, 2011. -20 б
Күдеринова Қ.Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы. Оқу құралы. – Алматы: «Елтаным баспасы», 2013. 242 б.
Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973
Достарыңызбен бөлісу: |