ЖОСПАР 1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Елордадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (I, II, III, IV, V, VI )
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Кіріспе Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей: «Қазақстан – дүние жүзіндегі мұсылмандар, православиеліктер, католиктер, протестанттар, буддистер, яһудилер тату тұрып жатқан жалғыз орын. Бәрі бірге жиналып, өздерінің барлық проблемалары туралы айта алатын жалғыз жер». Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлтаралық татулық пен рухани келісім идеологиясын азаматтар санасына енгізу жуық онжылдықтың негізгі міндеті болып табылатындығын ұдайы атап өтеді. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары аймақтағы және әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған бірқатар бастама ұсынды. Дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының съезі Қазақстанның аса маңызды бастамасы болды. Бұл – діндер және өркениеттер арасындағы шиеленістерді сабасына түсіруге себепші болатын дуалы ауыз дін басшыларын біріктіретін бірегей форум. Қоғамдағы діннің барған сайын өсе түскен рөлін толықтай ұғынған Президент Н. Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астанада өткізу идеясын ұсынды. Қазақстан Елбасының ниеті бойынша, ортақ мәселелер негізінде құрылған дүниежүзілік және дәстүрлі дін басшыларының арасындағы диалог өзара ынтымақтастықтың келешегін кеңінен ашып, қазіргі заманның зорлық, фанатизм, экстремизм және лаңкестік тәрізді жағымсыз көріністерін еңсеруге түрткі болады.