Орындаған: «Гуманитарлы-заң»факультеті «құқықтану» мамандығының 3 курс студенті



Дата10.04.2022
өлшемі59,67 Kb.
#138656
Байланысты:
СӨЖ 7 бәсеке



Орындаған: «Гуманитарлы-заң»факультеті
«құқықтану» мамандығының
3 курс студенті,
Алихан А.М.
Тексерген: Жақсылықбаева Ә.А.
СӨЖ 7
Өзекті сұрақтар
1.Жосықсыз бәсеке құқықбұзушылық ретінде.
2.Жосықсыз бәсекенің жекелеген түрлері. Үшінші тұлғаларды шатастыру. Орынсыз жарнама жосықсыз бәсекенің бір түрі. Орынсыз салыстыру. Жосықсыз бәсекенің дараландыру құралдарын және интеллектуалдық қызмет нәтижелерін қолдану актілері.

Жауаптары:
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік айналым ғұрыптарына, парасаттылық, зерделілік пен әділдік талаптарына қайшы келетін және басқа да нарық субъектілеріне – бәсекелестерге зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) немесе бірнеше нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) кәсіпкерлік қызметте артықшылықтар алуға бағытталған кез келген әрекеттері жосықсыз бәсекелестік болып табылады.
2. Жосықсыз бәсекелестікке оның ішінде мынадай әрекеттер жатады:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ авторлық құқық объектілерін дараландыру құралдарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
2) басқа өндірушінің тауарын құқыққа сыйымсыз пайдалану;
3) бұйымның сыртқы түрін көшіріп алу;
4) нарық субъектісінің беделін түсіру;
5) көрінеу жалған, жосықсыз және анық емес жарнама;
6) мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізу (сатып алу);
7) бәсекелестің сатушысына (өнім берушісіне) бойкот жасауға шақыру;
8) сатып алушыны (өнім берушіні) кемсітуге шақыру;
9) нарық субъектісін бәсекелеспен шартты бұзуға шақыру;
10) сатушының (өнім берушінің) қызметкерін сатып алушылық;
11) сатып алушының қызметкерін сатып алушылық;
12) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты құқыққа сыйымсыз пайдалану;
13) тұтынушыға тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына және (немесе) оны өндірушілерге қатысты анық емес ақпарат ұсына отырып, тауарды өткізу;
14) нарық субъектiсiнiң өзi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларын нарықтың басқа субъектiлерi өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарлармен орынсыз салыстыруы;
15) тауар сатушыны (берушіні) ауыстыруға кедергі жасау.

Жосықсыз бәсекелестіктен қорғау баптың VIII тармағында зияткерлік меншік ретінде жіктеледі. ДЗМҰ құру туралы конвенцияның 2. Құқықтық доктринада жосықсыз бәсекенің бірде-бір тұжырымдамасы жасалмаған. Сонымен қатар, баптың 3-тармағында келтірілген жосықсыз бәсекелестік әрекеттерінің жіктелуі бар. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясының 10-bis. Атап айтқанда, мыналарға тыйым салынады:



  • бәсекелестің бизнесіне, өнімдеріне немесе өнеркәсіптік немесе коммерциялық қызметіне қатысты кез келген жолмен шатастыруға қабілетті барлық әрекеттер;

  • бәсекелестің бизнесін, өнімдерін немесе өндірістік немесе коммерциялық қызметін беделін түсіретін бизнесте жалған мәлімдемелер жасау;

  • коммерциялық қызмет барысында пайдаланылуы тауардың сипатына, жасалу тәсіліне, қасиеттеріне, пайдалануға жарамдылығына немесе санына қатысты жұртшылықты жаңылыстыруы мүмкін белгілер немесе мәлімдемелер.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет