Орындаған: Гуншебай м қабылдаған: Ыбышова с алматы 2021ж Жопары



бет4/6
Дата29.09.2022
өлшемі22,15 Kb.
#151211
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СОЖ

Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады. Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:
На = Фп (б) – Фп/Фп · tсл · 100%
мұндағы На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады. Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және физикалық көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация нормасы көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық энде. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.

Капитал (ағылшынша-бас мүлік, бас сома, латынша-ең басты)-экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.


Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),-тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін-өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің-меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті-станок, машина, шикізат, т.б. түрінде.
Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.
Капиталдың алғашқы қорлануы өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншіктен шеттету процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге-идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Бұл жағдай Еуропада 16-18 ғасырларда орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардың көбеюі-бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаппай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-ақша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ қолөнершілер мен шаруалар ыдырай бастады. 16-18 ғасырларда батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл заңдар тарихқа «экспроприацияланғандарға қарсы қанды заңдар» атымен кірді. Өйткені бұл заңдар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет