Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз — философия, әдістемелік ұстаным.
Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушылардышығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның
80-нен аса түрі бар. Мысалы: РАФТ, жуан-жіңішке сұрақтар, қосжазба күнделігі, миға шабуыл стратегиясы, INSERT немесе түртіп алу стратегиясы, Венн диаграммасы, куббизм стратегиясы, sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы, RAFT стратегиясы, геометриялық фигуралар стратегиясы т.б.