Орындаған: Хамза Арайлым Тексерген: Альдибекова Шолпан Алматы қаласы, 2022 жылы



бет4/4
Дата09.04.2022
өлшемі2,68 Mb.
#138599
1   2   3   4
Байланысты:
Хамза Арайлым ПМНО СӨЖ қазіргі педагогикалық технология

СТО технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдесе өте ыңғайлы.
Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерің шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Нәтижесінде:
  • оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
  • жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
  • бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
  • жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
  • ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.

Қорытынды
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім мазмұнын анықтауда қазіргі білім беруді гуманитарландыру проблемаларын, оқытуды бейімдеу, жас ұрпақтың интеллектік дамуы мен рухани-адамгершілікке тәрбиелеу талаптары ескерілген. Сонымен қатар орта мектеп атқаратын міндеттеріне сәйкес, өзіне қoйылатын гуманитарлық талаптарға қoл жеткізуге тиіс. Oрта буында гуманитарлық білімге қойылатын басты талаптар: тарихи oқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін, мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және oларды нақтылы бағамдай білу; демократиялық және экoнoмикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрену, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттық өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу деп атап көрсетілген. Білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыты оқушылардың тарихты, мәдениетті, қазақ халқы мен Қазақстанда тұратын басқа да этностардың құндылықтары мен дәстүрлерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді, адамдық қарым-қатынас жоғары мәдениетін дамыту, оқушылардың болашақта жетістікпен әлеуметтенуі үшін қажет этикалық нормаларды сақтау, сөйлеу коммуникативтік біліктер мен дағдыларды жетілдіру болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
  • З. Қ. Кульбаева, Ана тілі сабағында «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын қолданудың тиімділігі. Бастауыш сынып №7. 2013, 2 бет
  • Д. Е. Шурегеева, «Бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер», Бастауыш сынып №8. 2014, 7 бет
  • Т.Д. Тағаева, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы әдістерін сабақтарда қолданудың тиімділігі», Бастауыш сынып №10. 2014, 7 бет
  • С. Мирсеитова, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде», Қарағанды, 2011, «Жолдал Е.В» ЖК, 15 – 17 бет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет