Орындаған: Жәдігерқызы Айна Тексерген: Омаров Ғани Алматы, 2021ж Сақ тайпаларының дүниетанымын жазба және қазба деректері бойынша талдау



Дата08.02.2022
өлшемі71,29 Kb.
#123772
Байланысты:
Жәдігерқызы Айна срс
карта, Ð¡Ð¸Ð»Ð»Ð°Ð±ÑƒÑ ÒšÐ°Ð·Ð°Ò›Ñ Ñ‚Ð°Ð½Ð½Ñ‹Ò£ қазіргі заман тарихы , 6-семинар, латын 05.10, Математика Қозғалысқа берілген есептер (4 сынып)

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «Тарих және археология»
Кафедрасы «Ғылыми Тарих 101 топ»

СӨЖ
Тақырыбы: «Сақ тайпаларының дүниетанымын жазба және қазба деректері бойынша талдау»

Орындаған:Жәдігерқызы Айна
Тексерген:Омаров Ғани


Алматы, 2021ж
Сақ тайпаларының дүниетанымын жазба және қазба деректері бойынша талдау
Сақ тайпалары Қазақстан аумағын б.з.б I мыңжылдықта мекендеген тайпалар. Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Днепр бойын мекендеген скифтердің сонымен қатар Еділдің төменгі ағысымен Оңтүстік Урал маңын мекен еткен савроматтардың замандас тайпасы болып табылады. Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:
1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.
2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.
3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды. Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.
Сақ тайпаларының дүниетанымын жазба деректері бойынша талдау. Жалпы осыған дейін өмір сүрген тайпалар туралы көптеген деректерді біз көне тарихшылардың жазбаларынан біле аламыз. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды «Азиялық скифтер»деп атаса, парсы тарихшылары оларды «сақтар» деп атаған. Рим тарихшысы – Помпей Трог, Грек тарихшылары – Герадот, Ктесий, Ксенофонт, Страбон секілді тарихшылар сақтар туралы деректерді өз жазбаларында қалдырған. Қазақ жерін мекендеген сақтар туралы көбіне парсылар жазып қалдырған. Герадоттың айтуынша: «Сақ-скиф тайпалары, бастарына тығыз киізден істелінген төбесі шошақ бөрік киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған. Және тағы бір жазбасында «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас келеді» деп жазған. Герадот сақтарды “Массагет” деп атағаны бәрімізге белгілі.
Страбон сақтар туралы былай дейді. Массагеттердің бір бөлігі тауда, екінші бөлігі жазықта, енді бір бөлігі өзен суынан болған батпақты, төртінші бөлігі- сол батпақтардағы аралдарды мекендеген дейді. Басқа өзендерден гөрі су тармақтары көп Аракс өзені бұл елді суландырып отырады дейді. Олар күнді ғана құдай деп санайды, оған құрбандыққа жылқыларын шалады. Өздері ат үстінде де, жаяу да мықты жауынгерлер, қарулы- садақ, қылыш, қалқан, мыс балта, соғыста алтын белгі байлап, жеңіне алтын таңғыштар таңады. Аралдарда тұратын массагеттер егін екпейді, сондықтан да олар өсімдік тамырларын , жабайы жемістерді қорек етеді. Олар ағаш қабығынан киім тігеді. Олардың малы жоқ, жемістерді сығып, суынан сусын дайындайды. Тауда тұратындары жабай жемістерді қорек қылады. Олардың бәрі аққөңіл және уәдеге берік. Және Страбон сақтарды Каспий теңізінен бастап дайлар деп атады.
Парсы сарайында тұрған грек тарихшысы Ксенофонт: «Парсы патшасы әр елден келген салт аттылардың жарысын ұйымдастырады. Жарыс жолының ұзындығы бес шақырымнан астам болып белгіленді, және осы жарыста сақ жігіті жеңіске жеткен» деп сақтардың тәрбиелігін сипаттаған.
Ктесий: «сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнсе, ерлеріне көмектеседі» деп баяндаған. І Дарий мен сақ патшасы Схунханың арасындағы соғысты грек авторы Полиэн баяндап, Шырақ есімді сақ малшысының ерлігін ерекше жырлаған. Томирис пен Кирдің шайқасы туралы жазған Рим тарихшысы Помпей Трог Томирис туралы: «әйел болса да, өз жауынан қорыққан жоқ» деп жазады.
Рим тарихшысы Квинт Курций Руф сақтардың көктен түскен сиқырлы сиы бар екенін айта келіп, «сақтарда соқа мен қамытегіншілерге, найза мен садақ-жауынгерлерге, жалпақ тостаған-абыздарға арналған» деп жазған.
Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресі туралы тарихшы Арриан жаза отырып, А. Македонскийдің Сырдариядан өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағанын баяндаған. Арриан көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшелігі туралы жазып қалдырған грек-македон тарихшысы.
Ахеменид иранның сына жазу текстерінде, онын ішінде накширостемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварға сақтары хаомо ішімдігін істейтін сақтар, парадария сақтары яғни теңіздің ар жағындағы сақтар және тиграхауда сақтары шошақ төбелі тымақ киетін сақтар деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен. 
Ерте замандағы грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты сырымен, яки киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып, көшіп жүрген. Сонымен, гректер сақтарды «азиялық скифтер» десе, парсылар «құдіретті еркектер», ал Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар» деген.
Сақ тайпаларының дүниетанымын қазба деректері бойынша талдау. Жазба және археологиялық қазба деректер сақтардың материалдық мәдениетінің кейбір элементтерін қайта құруға мүмкіндік туғызады. Олар киіз үйде және тұрақты тұрғын үйлерде тұрды. Сақтардың қазба деректеріне менің ойымша олардың мәдениеттерін археологтар тапқан қалаларын, түрлі бұйымдарын жатқызсақ болады деп есептеймін. Себебі барлығы археологтардың көмегімен қазылып алынған. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен қолға алынды. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары археологиялық қазбалар арқасында ашылды.
Ертедегі темір дәуіріндегі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Б. з. б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан – болжамдардың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға баланатын сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этномәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың көбісі жүздеген төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан. Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жинақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жоқ. Осындай археологиялық ландшафт А. Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ Жетісуды мекендеген деген қорытындыға келтірген.
Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршықтас және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін жетіп ауытқып отырады. Бесшатыр қорғандарына алыстан қарағанда үлкен бес төбе көрінеді. Сол себепті Бесшатыр деп аталып кеткен. Ал жақындағанда төбешіктердің саны арта түседі. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Дәл осыншама қорған бір-бірімен жерасты жолдары арқылы байланысады. Бұл жерде сақтар жерленген. Бұл аймақты 1959-1960 жылдары белгілі археолог, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышев бастаған топ зерттеген. Қазақстандық және ресейлік археологтар 18 қорымды ашып, зерттеді. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде адамдардың сүйектері, сақтардың пайдаланған қыш ыдыстары, әшекей бұйымдары, қарулары, қалқандары табылған. Одан басқа қорымды ашқан кезде ағаштан құралған конструкция шыққан. Сол конструкцияның өзі үш бөлімнен яғни, кіреберіс, дәліз, ақымнан тұрады. Және де қорғандардың өзі үлкен, орта, кіші қорған болып үшке бөлінеді. Үлкен қорғанда сақтар өздерінің патшаларын жерлесе, орта қорғанда ру басшылары мен әскер қолбасшыларын жерлеген. Ал кіші қорғанда қарапайым әскери адамдары жерленді.
Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ оба бар. Алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Есік обалары сақ кезеңінің әлеуметтік-экономикалық деңгейін көрсететін ерекше ескерткіштерге жатады. Обаның диаметрі 60 м, биіктігі 6м. Үйілген топырақтың құрылымы айқын емес, бірақ көп қабатты (3-4 қабат), малтатас қабаты қиыршық-сазды қабатпен ауысып отырады, орталықтағы моланың айналасынан ірі қойтастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және оңтүстік қабірлер бар Есік обасы (б.з.б.5-4 ғ-лар) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. 1969 — 70 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар зерттеген. 
Тасмола мәдениеті. Ертедегі темір дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ежелгі малшыларының мәдениеті неғұрлым көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Тасмола қойнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталды. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар обалар – «мұртты» обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болды. Мұндай ескерткіштер қазақтың ұсақ шоқылы өңірінен тыс жерлерден, мысалы, Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарынан Оба, Көктал, Ащысай және Еділ бойы Үш ағайынды аңғары кездеседі, бірақ олардың кең тараған негізгі өңірі Орталық Қазақстан болып табылады. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә.Марғұлан мен оның шәкірті М.Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Обаларды қазғандағы материалдар бойынша Тасмола мәдениеті тайпаларының үш даму кезеңі шартты түрде бөлінген.
Бірінші кезең б. з. б. VII-VI ғасырларды қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола -1-5, Қарамұрын-1,Нұрманбет-4 қорымдары неғұрлым мәліметтер береді.
Екінші кезеңде (б. з. б. V-III ғасырлар) Тасмола тайпаларының мәдениеті көбінесе өзінен бұрынғылардың дәстүрлерін жалғастырды.Жерлеу жоралғыларының кейбір бөлігі өзгерді, атап айтқанда, өлікке ат арнап, бірге көму ғұрпы жойылды.
Үшінші кезеңде - б. з. б. III-I ғғ обалардың бұрынғы құрылымы, түрі сақталады, бірақ мола ішінде түбі тегіс домалақ ыдыстар пайда болады.
Арал өңірі сақтарының мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.
Батыс Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары,Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.
Қорытынды. Осылайша біз Сақ дүниетанымы туралы мағұлматтарды екі түрде алдық. Біріншісі жазба дерек, екіншісі қазба деректер. Бұл екі түрде сақ тайпалары туралы көптеген мәлімет берді. Қазба деректегі ескерткіштер сол дәуірде өмір сүрген тайпалардың мәдениет дәрежесінің, әлеуметтік-экономикалық даму сатысының, бірдей өмір сүру сипатының этникалық, қан жағынан және географиялық шоғырлану, туыстық, жақындық белгілерін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Ал осы қазба деректер жазба деректерге сүйене отырып жасалынды. Егерде сол кезде парсы грек тарихшылары дерек қалдырмағанда, қазір бізге олар туралы білу қиынға соғар еді. Сондықтан тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет