ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді. Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |