Орындаған: Корганбаева с қабылдаған: Сұлтанбек м туркістан 2024 Жоспар Кіріспе


Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер



бет3/4
Дата13.05.2024
өлшемі68,1 Kb.
#202014
1   2   3   4
Байланысты:
БӨЖ-2 Корганбаева С пед

3. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер

- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);


- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы – оқушы);
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
-тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).

4. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты қалыптастыру әдістері

Жеке адамның қоғамдық санасын қалыптастыру әдістеріне сендіру, пікірталас, түсіндіру, этикалық әңгімелер жатады.


Сендіру дегеніміз – оқушылардың ақыл-ойы мен сезімін жандандыру, адамгершілік жайлы түсініктер мен ұғымдарын қалыптастыру және жағымсыз қылықтарын жою мақсатында олардың санасына, сезімі мен ерік қайратына жан-жақты әсер етуСендіру әдісінің негізгі қызметі, ерекшелігі – ол арқылы жеке бастың сенімі қалыптасады. Сендіру – оқушының тек қана санасына, сезіміне ықпал жасау ғана емес, әрі оның міне-құлқына, әрі әрекетіне де ықпал жасауды көздейді.Пікірталасәдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады. Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негіздей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді.Түсіндіру әдісі бойынша оқушыға адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі. Оқыту процесінде әр пәннің оқу материалына байланысты айтылуымен қатар арнайы тәрбиешілік мақсат көзделіп, оқушыларға патриотизм, гуманизм, парыз, міндет, ар-намыс, парасаттылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, ынта-ықылас, ерік-жігер, т.б. туралы түсіндіріледі. Түсіндіру формалары алуан түрлі: әңгіме, көрсету, оқушылар шығармалары, т.б.
Этикалық әңгімелер – мораль мәселелері туралы кең түрде, еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәжірибеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты - оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әртүрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға, адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу. Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік-адамгершілік немесе эстетикалық, еңбек т.б. салаларының әр қырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек. Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны танымдық, саяси, эстетикалық мәселелерге арналады. Бұл әдістің негізгі мәні – теориялық қағидаларды баланың санасына жеткізу, сол арқылы өмірде меңгере бастаған мінез - құлық, іс- әрекеттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру.Бұл топқа педагогикалық талап, үйрету, жаттығу, тапсырма, тәрбиелеушілік ситуацияларды туғызу және қоғамдық пікір жатады.Педагогикалық талап әдісі әртүрлі іс-әрекеттердің бір түріне тежеу, ал енді бір түрін күшейту мақсатымен тәрбиеленушінің санасына педагогикалық ықпал жасау екендігі тәрбие әдісінің теориясында айқындалған. Мұнда нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың түрі, мазмұны іріктеледі. Тәрбиешінің қатынасы педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал жасайды. Тұтас педагогикалық процесс тәрбиеленушіге педагогикалық талап қою мен дұрыс іс істеуге мәжбүр етуді сабақтастырып отыру заңдылығын жүзеге асыруды көздейді.Үйрету әдісін мектеп тәжірибесінде қолданғанда бала көбіне тапсырманы сырттай механикалық тұрғыда орындауға әуес келеді.Жаттығу – мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әртүрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі.Тапсырма беру әдісі баланың ішкі мүмкіндігін, күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық белсенділігін басқару, жалпы адамзаттық, адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Педагогикалық жағдаят әдісінің өзіндік мәні бар. Кез келген педагогикалық жағдаят ең алдымен шығармашылық әрекет болып есептеледі. Себебі ол көптеген педагогикалық сұрақтарды, шешімдерді таңдап алуды қажет етеді.Қоғамдық пікір. Тәрбиешінің балаларға қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ал ұжымның талабы жалпы қоғамдық пікірдің көрінісі болып табылады. Сондықтан ұжым жағдайында іс -әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастыруда қоғамдық пікірді туғызу негізгі әдістің бірі болып табылады.
Ынталандыру әдістеріоқушылардың қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мадақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.Мадақтау оқушылардың тәртібін, міне-құлқын бағалап және көтермелеп отыруда педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы болып табылады. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлығының қандай болуы керектігін түсінеді, өзінің бойындағы жағымды мінез-құлықты дамытып, өз ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады. Мадақтаудың түрлері: мадақтау, мақұлдау, алғыс айту, мақтау, сыйлық беру.Жазалау баланың жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін түсіндіру және оқушының ұжым алдында жасаған қылмысына айыпты екендігін ұғындыру және істеген теріс іске қынжылатындай мақсатын көздейді.Жарыс – мектеп жағдайында мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру әдісі. Жарыс әлеуметтік-психологиялық фактор ретінде оқушылардың бір- бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет