Ауру қоздырғышы: ақшыл спирохеталар (трепонемалар). Пішіні спираль тәрізді , өте жылдам қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Әрбір ақшыл спирохеталар көбею нәтижесінде бірнеше бөліктерге бөлінеді. Ақшыл спирохеталардың көбею ұзақтығы 33 сағат ( бұл мерез ауруын емдеу кезінде өте қажет). Қолайсыз жағдайларда спирохетталар циста түзеді немесе L – формада сақталады.
Қоздырғышты ең алғаш 1905 жылы Шаудин мен Гоффман ашқан.
Ол тек адамда ғана болады. Көбінесе жыныстық жақындасу арқылы жұғады. Кейде осы аурумен ауырып жүрген адаммен сүйіскенде, сол адам пайдаланған орамал, қасық, шанышқы, қылдырық (тіс шұқығыш), ерін бояуы, темекі арқылы да жұғуы мүмкін. Мерез қан берген адамның қаны, ананың емшек сүті арқылы да жұға береді.