Орындаған: Мамут Зафура Шудабайқызы



бет2/2
Дата17.05.2020
өлшемі33.31 Kb.
түріСабақ
1   2
Жекеше түрі

Көпше түрі

І. Менің өзім

Біздің өзіміз

ІІ. Сенің өзің

Сендердің өздерің

Сіздің өзіңіз

Сіздердің өздеріңіз

ІІІ. Оның өзі

Олардың өздері
Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі
Септік

өзім


өзің

өзіңіз


өзі

Атау


өзім

өзің


өзіңіз

өзі
Ілік

өзімнің

өзіңнің


өзіңіздің

өзінің
Барыс

өзіме

өзіңе


өзіңізге

өзіне
Табыс

өзімді

өзіңді


өзіңізді

өзін
Жатыс

өзімде

өзіңде


өзіңізде

өзінде
Шығыс

өзімнен

өзіңнен


өзіңізден

өзінен
Көмектес

өзіммен

өзіңмен


өзіңізбен

өзімен
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі



Жекеше түрі

Көпше түрі

Жақ


Өзім

Өзің
Өзің

І.

Мен өзіммін



өзіңмін

Біз өзімізбіз

өзіңбіз

ІІ.


Сен өзімсің

өзіңсің


Сендер өзімсіңдер

өзіңсіңдер

Сіз өзімсіз

өзіңсіз


Сіздер өзімсіздер

өзіңсіздер

ІІІ.

Ол өзім


өзің

Олар өзім

өзің

9-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерден сөзжасам тәсілдері арқылы қандай туынды сөздер жасауға болатынын анықтаңыз.



Сол уәделі күн келіп қалғанда, тіпті, не дерімді білмей, өте қатты күйзелдім (Қ.Жұмаділов). Жер үстінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолда жеткізер (Ж.Баласағұн). Жат елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол (мақал). Қай тұсқа ел қолы әлсіреп бара жатқанын бақылай жүріп, анда-санда сол топқа барып араласады (Ғ.Мүсірепов). Осы қыстауға қонғаннан бері, Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады.
Сол+ақ, барлық, барша, өз-өзі.

10-жаттығу. Көркем шығармалардын есімдіктің аналитикалық тәсіл арқылы қалыптасуына он мысал теріп жазыңыз.



Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы.(3-сөз)

Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі. Бұлардың бəрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?(29-сөз)

Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. (6сөз)

Бұл үзінділерден байқайтынымыз: ол сөзінің микромəтіннің өн бойында қайталана жұмсалу арқылы алдын ала ескертілген дерексіз нəрселерге нұсқау қалпында қолданылуы. Әрі қарай баяндау желісін осы, бұл сөздері жалғастырады да, ол есімдігі меңзеген заттар мен құбылыстарға анафорикалық нұсқау қалпын білдіреді (3, 29-сөздер). Ал 6-сөзден алынған үзіндіде осы, ол, сол есімдіктері ойды баяндауда қатар қолданылып, біріне бірі меңзеп қолданылған. Бұл оқырманның назарын ерекше аудартудың амалтəсілі деп білеміз.

Ақын қолданған ерекше болып көрінетін грамматикалық тұлға-тəсілдердің бірі тағы да ол сілтеу есімдігімен байланысты. Жалпы бұл есімдік қара сөздер мəтінінде өте жиі кездеседі жəне оны ерекшелендіріп тұрған нəрсе оның үшін деген формада берілуі. Мұнда қалыпты тілдік жағдай сақталмаған, өйткені мақсат мəнін үстейтін үшін шылауы атау септікті меңгеретін септеулік екендігі белгілі. Ілік септікті сілтеу есімдігінің үшін шылауымен тіркесуі арқылы да мақсаттық грамматикалық мағына сақталып тұр. Сөйтіп, оқырманға ой жеткізуді ерекше əсерлі еткен. Бұл форма, негізінен, діни (теологиялық) тақырыпты қозғаумен тығыз байланысты. Осынау күрделі тақырыпқа оқырманды тереңірек бойлату үшін қолданылған ақынның өзіндік стильдік мəнерінің бір көрінісі болса керек. Мысалы:



Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. (32-сөз)

Оның үшін ол алланың өзіне ғашықтық. Оның үшін мүмкинаттың ішінде не нәрсенің ужуді бар болса, ол бірліктен құтылмайды (38сөз).

Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді.(44-сөз) Қалыпты тілдік жағдайдан ауытқу Абайдың қара сөздерінің стильдік нормасына айналған. Солардың бірі – осы несі екен тіркесі. Бұл қиыса байланысқан тіркесте бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғаластығы сақталмаған. Предикат қызметіндегі сұрау есімдігі тəуелдік тұлғада болғандықтан, субъектінің де сол тұлғада болғандығын талап етеді. Алайда ақын стильдік мақсатта субъектілік сілтеу есімдігін нөлдік қалыпта қолданған (онысы несі немесе осысы несі деудің орнына осы несі деп берген).

Сілтеу есімдікті ерекше қолданыстар Абайдың қара сөздеріндегі теология мəселелерімен тығыз байланысты. Бұл мəселені тереңінен толғаған 38-сөз екендігі белгілі. Ақын мұнда тақырыпты ашу мақсатында араб-парсы сөздерін жиі қолданған. Солардың бірі – һәмма сөзі. Ол сөз бұлардың һәммасы тіркесі арқылы беріледі. Осы тіркеспен синонимдес бұлардың бәрі тіркесі де қара сөздер мəтінінде жиі кездеседі. Сөйтіп, бұл сілтеу есімдігі қатысты осындай тіркестер мəтіннің өн бойында ерекше əсер тудырады. Мысалы:

Бұлардың һəммасы алла тағаланың затия субутия уә фиғлия сипаттары дүр.



Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һəммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан. (38-сөз)

Абай прозасына тəн баяндау стилінің тағы бір ерекшелігі – сілтеу есімдікті қайталаулар. Жалпы қара сөздер мəтініндегі қайталама сөздер мəселесін Р.Сыздық өз еңбектерінде қозғаған болатын. Ғалымның пікірінше, қайталама сөздер эмоция тудыру үшін жиі қолданылады [2: 544]. Абай қолданған қайталаулардың бір түрі белгілі бір сілтеу есімдігін мəтіннің өн бойында бірнеше рет қолдану болып келеді. Мəселен, төмендегі мысалдарға көңіл аударалық:

Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.(1-сөз)

... көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды.

Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі соларда.

Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар

біледі, салтанат, әсем де соларда.(2-сөз)

Әдістемелік нұсқаулықтар: Өткен материалды тереңірек оқу және нығайту,



  • Материалды жүйелеу, практикалық сабаққа әзірленуге қажетті ақпараттарды өз алдына іздеу дағдысын қалыптастыру;

  • Сабаққа жүйелі дайындалуды, тапсырманы орындауда жауапкершілікке тәрбиелеу.

  • Студенттер орындаған тапсырмаларды талқылау, ұсыныстар мен нұсқаулықтарды енгізу.

Сабақ өткізу формасы: Сұрақ-жауап, салыстыру, практикалық сабақ бойынша кеңес және есеп, талқылау, жаттығулармен, мәтінмен жұмыс

Бағалау критерийлері: Осы жұмыстың мақсатын анықтаудың дұрыстығы мен тәуелсіздігі

2. Жаттығулардың қажетті дәйектілігіне сәйкес жұмысты аяқтаңыз

3. Нәтижелерді қамтамасыз ететін жұмысты орындау үшін қажетті, тәуелсіз, ұтымды таңдау және дайындау

4. Сауаттылық, практикалық (зертханалық) жұмыстың барысын логикалық сипаттау

5. Қорытынды тұжырымының дұрыстығы



Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 32, 36

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет