Мақсат пен мотив адам іс-әрекетінің мәндік бірліктері.
Мақсатсыз әрекет жоқ. Ал мотивсіз мақсат белсенділігі қарапайым әрекет шеңберінен аспайды. Әрекетке итермелеуші ықпал - мақсат, ал сондай ықпалдық мотивтерде де бар. Мақсат пен мотив әрдайым бірге, іс-әрекеттің мазмұны мен сипатын анықтайтын құбылыстар. Мақсат -''субъект не істеп жатыр?'' дегенге жауап. Мотив болса ''субъект мұны не үшін істеп жатқанын'', яғни ықпалдық себебін ашады. Субъект, жалпылама болса да, мақсат пен мотивті айқындамағанша, іс-әрекетке бара алмайды. Мақсат болжастыру аймағында мотив екі себептік маңызға ие. Біріншіден, мотив іс-әрекет сипатына әсер етеді: қуат, күш салу, адалдық, нәтиже жолында белсенділік деңгейі, субъектің психологиялық қалпы. Екіншіден - мақсаттың мотивпен бірлесуі, мотивпен орын ауысуы. Мысалы, тұрмысын жақсарту ниетімен жігіт педагогикалық кәсіпті таңдады. Алдыңғы мақсат мотивпен ауысты, енді оның мақсаты кәсіптік шеберлікті игеру болды, ал мақсатқа деген ұмтылысты әлеуметтік бағыт мотиві қолдап-қуаттайды.
Аты-жөні
Негізгі ойлары
Я. А. Коменский
"Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі - дей негізгі элементтерге бөлді: • адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім"; құлшылық ету - "діни тәрбие"; • тән саулығы - "дене тәрбиесі". • заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік"; • құдайға, заттарға
И. Г. Песталоцци
Тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл - ой, дене тәрбиесін беріп, жан - жақты және үйлесімді дамыту деген. Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.
К. Д. Ушинский
К. Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл - ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.