Математика, физика және информатика институты
4-дәріс:
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы
Орындаған: ММОК-241
Абылхасым Гүлнұр
Амиралиева Гүлжан
Әзи Аида
Балтабекова Таңнұры
Баймурзаева Диана
Қабылдаған: Аганина К.
Алматы, 2024
2-деңгей
1.6 кезең педагогика ғылымдарына үлес қосқан ғалымдар:
А) И.Ф. Гербарт, И.Г. Пестолоцци
В) Я.А. Коменский, В.Г.Белинский
С) К.Д.Ушинский, Н.А.Корф
Д) В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский
Е) А. Дистерверг, Э.Белл
Жауабы: А, Е
2.Ежелгі Месопотамияда (б.з.д. ІІІ мыңжылдық) эдуббтарда (мектептерде) қолданылмаған әдістер:
А) зерттеу, топтастыру
В) сауалнама, эвристикалық әңгіме
С) көшіріп жазу, әңгіме
D) бақылау, диалог-талас
Е) талқылау, жаттығу
Жауабы:А,В
3.К.Д. Ушинский төмендегі ғылымдарға қатысты жаңа педагогиканың жүйесін ойлап тапты:
А)Медицина, философия
В)Физиология, антропология
С)Психология, физиология
Д)Математика, музыка
Е)Физика, астрономия
Жауабы: В,С
4. Ж.Аймауытовтың еңбектері:
A) «Тәрбиеге көмекші», «Жан жүйесі және өнер таңдау»
B) «Психология», «Дидактика»
C) «Қазақ хрестоматиясы», «Педагогика негіздері»
D) «Математиканы оқытудың әдістемесі», «жалпы педагогика»
E) «Қазақтарды орыс тілге үйретудегі бастапқы басшылық», «Дидактика негіздері»
Жауабы:А,B
5. Қазақстандық педагогиканың бесінші кезеңінің дамуына үлес қосқан ғалымдар:
A) М.Жұмабаев, Қ.Жұбанов
B) С. Қожахметов, Қ.Бержанов
C) С. Аманжолов, Т. Тәжібаев
D) Ж.Аймауытов, М.Дулатов
E) Е. Бекболганов, Е.Омаров
Жауабы: В,С
6.Қазақ мектебінің негізін қалаушы Ы.Алтынсаринның еңбектері:
A) «Педагогика», «Дидактика»
B) «Жалпы педагогика», «Жан жүйесі және өнер таңдау»
C) «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарды орыс тілге үйретудегі бастапқы басшылық»
D) «Жан жүйесі және өнер таңдау», «Психология»
E) «Азған елдің хандары», «Кел, балалар, оқылық!»
Жауабы: C, Е
7. Қазақ халқының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен ғалымдар
A) Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Бируни
B) Насэреддин Туси, Әл-Ғазали
C) А.С.Пушкин, Ч.Куписсевич
D) Әл Хорезми, Н.А.Корф
E) С.Пизанский, Н.И.Пирогов
Жауабы: А,В
8. Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінде қолданылған тәсілдер:
А) көшіріп жазу, эвристикалық әңгіме
В) көшіру, талқылау
С) диалог-талас, жаттау
Д) салыстыру, үлгіге еліктеу
Е) топтастыру, диалог
Дұрыс жауабы: Д,Е
9. Педагогикалық инновацияның, педагогикалық мониторингтің, менеджменттің теориялық негіздерін зерттеген ғалымдар:
A) Ю.А. Конаржевский, Т.И. Шамова
B) С. Аманжолов, Ы.Алтынсарин
C) Ш.Әлжанов, С.Қожахметов
D) Е.В. Бондаревская, М.М.Поташник
E) Я.А. Коменский, Ж.Аймауытов
Жауабы: А, Д
10. Педагогиканың пайда болуы мен дамуының 10-кезеңінде енгізілген жаңалықтар:
А) сынып-сабақтық жүйе қалпына келді, білім беру технологиялары пайда болды; антропология, физиология, психология және тағы басқа ғылымдарды білуге негізделген жаңа педагогиканың жүйесі ойлап табылды
В) «оқу тобы», «бригадалары» дегеннің орнына «сынып» деген атау қолданыла бастады; оқытудың дәстүрлі әдістері қолданыла бастады
C) проблемалық оқыту және бағдарламалық оқыту енгізілді, оқытудың қисындық негізі ашылды
D) «жұмыс кітаптары» өзінің орнын тұрақты оқу кітаптарына берді; мектеп бітіргенде және сыныптан сыныпқа ауысқанда тапсыратын емтихандар енгізілді
E) өзін-өзі оқытуды педагогикалық басқару енгізілді, тәрбиелеу мен оқыту принциптерінің негізі қаланды
Жауабы: В, D
Достарыңызбен бөлісу: |