Орындаған: Мұратова Дина,Билал Камила,Маулешова Зурят Көз



Дата16.11.2022
өлшемі2,06 Mb.
#158470
Байланысты:
физика көздің оптикалық жүйесі


Көздің оптикалық жүйелері
Орындаған:Мұратова Дина,Билал Камила,Маулешова Зурят
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар. Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды. Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен - шыны тәрізді денемен толған.
1 — қасаң қабық; 2 — көз алмасының алдыңғы камерасы; 3 — нұрлы қабықша; 4 — көз алмасының артқы камерасы; 5 — көз бұршағы; 6 — кірпікті дене; 7 — конъюнктива; 8 — кірпікті дене; 9 — көздің шеткі тік б/е; 10 — көздің ішкі тік б/е; 11 — меншікті тамырлы қабықша; 12 — шыны тәрізді дене; 13 — склера; 14 —торлы қабықша; 15 — көру жүйкесігнің дискісі; 16 — көру жүйкесі
Көз
Көру жүйесі
Вспомогательные органы
глаза
Көз алмасы
Көз алмасының
қабықшылары
Ішкі ядро
Көз алмасының б/е
Көз жас аппараты
Қабақ
Жас ағатын өзек
Көз жасының көлі
Көз жас безі
Фиброзды
қабықша
Қасаң
қабық
Склера
Торлы
қабықша
Тамырлы
қабықша
Нұрлы
қабықшы
Кірпікті
дене
Меншікті
Тамырлы
қабықша
Шыны тәріздес
дене
Көз бұршағы
Көз алмасының
сұйықтығы
Таяқшалар
Колбашалар
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм.
Көру талдағышының негізгі мүшесі – көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта – көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық, және ішкі – торлы қабық. Сыртқы қабықтың алдынғы болігін қасаң кабық деп атайды. Ол түссіз, мелдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сэулесі сыңцырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді.
САУ КӨЗ БЕН ОНЫҢ АЛЫСТАН КӨРГІШТІК ЖӘНЕ ЖАҚЫННАН КӨРГІШТІК ТӘРІЗДІ КЕМШІЛІКТЕРІ – ҚАСАҢ ҚАБЫҚ ПЕН ТОРЛАМАНЫҢ АРАҚАШЫҚТЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ. ЕГЕР КӨЗГЕ КҮШ ТҮСУРМЕЙ ПАРАЛЛЕЛЬ ШОҚТАРДЫ ТОРЛАМАДА ЖАТАТЫН НҮКТЕДЕ ЖИНАСА , ОНДА ОЛ САУ КӨЗ ДЕП АТАЛАДЫ. КӨЗ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІНІҢ БОСАҢСЫҒАН КҮЙІНДЕ ФОКУСЫ КӨЗ ІШІНДЕ ЖАТАТЫН БОЛСА, ОНДА ОНЫ ЖАҚЫННАН КӨРГІШТІК ДЕП АТАЛАДЫ. ЖАКЫННАН КӨРГІШТІКТЕ КӨЗ АЛМАСЫ ҰЗАРЫП, КӨЗ БҰРШАҒЫ АККОМОДАЦИЯҒА БЕЙІМДІЛІГІН ЖОҒАЛТАДЫ. СОНДЫҚТАН ЖАҚЫННАН КӨРГІШ АДАМ АЛЫСТАҒЫ НӨРСЕНІ НАШАР КЕРЕДІ. ЖАКЫННАН КӨРГІШ АДАМДАРДА НӨРСЕНІҢ АНЫҚ КЕСКІНІ ТОРЛАМАНЫҢ АЛДЫНДА БОЛАДЫ, АЛ ТОРЛАМАДА КЕСКІН АНЫҚ ЕМЕС. ЖАҚЫННАН КӨРГІШТІКТІ ЖАСАНДЫ ТҮЗЕТУ ҮШІН—ОЙЫС, ШАШЫРАТҚЫШ МЕНИСКІЛІК ЛИНЗАЛЫ КӨЗІЛДІРІК КИЕДІ. ОЛАР НӘРСЕНІҢ АНЫҚ КЕСКІНІН ТОРЛАМАҒА ЖЫЛЖЫТАДЫ. МҰНДАЙ ЛИНЗАЛАРДЫҢ ОПТИКАЛЫК КҮШІНІҢ АЛДЫНА МИНУС (ТЕРІС) ТАҢБАСЫ ҚОЙЫЛАДЫ: -0,5 ДПТР; -1,5 ДПТР ЖӨНЕ Т.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет