Уремиялық (азотемиялық) кома жедел және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы кезеңінде, ағзада токсикалық метоболиттердің– мочевина, креатинин және басқа азот қалдықтарының жинақталуынан, сондай ақ ағзада магний, калий, су ұсталуынан дамиды.
Клиникасында ажыратамыз:
Тыныс орталығы тежеледі - тыныс сирек және шулы (Куссмауля типі), шығарған ауада аммиак иісі;
Пульс жиі, аритмиялық, АҚ жоғары.
Қарағанда: - жүрек шекарасы кеңейген және перикард үйкеліс шуы естіледі; - тері – құрғақ, қабыршықтанады, тырнақ іздері байқалады, терминальді кезеңде – тері ішілік қан құйылулар байқалады; - қарашық – тар, жарыққа реакциясы әлсіз; - неврологиялық статусында менингеальді симптомдар жиі кӛрінеді, сіңір рефлекстерінің асимметриясы, патологиялық табан белгілері және оральді автоматизм рефлекстері, миоклония және эпилептикалық ұстама байқалады.
Жедел көмек