Науқасты бөлімшеге зембілде көтеріп тасымалдауға 2–4 адам қатысуымен жүзеге асырылады. Тасымалдаудың бұл түрінде тасымалдаушылар асық-пай, аяғының адымын алшақ-татпау керек. Баспалдақпен котерілгенде немесе түскенде зембілдің бас жағы мен аяқ жағын бір деңгейде ұстайды.

ФАУЛЕР ҚАЛПЫ.
Функционалды төсек орнында және кәдімгі төсек орнында орындалады (1 мейірбике орындайды.)
Көрсеткіштері: Ойықтардың пайда болу қаупі, мәжбүрлі қалып.
Процедураға дайындық:
Ауыстыру мақсаты мен барысын түсіндіру, келісімін алу.
Қажет жабдықты дайындау: жастық, одеял валик т.б.
Науқас жағдайы мен қоршаған ортаны бағалау
Процедураның орындалуы:
Мейірбике тұрған беттегі кереует бүйіріндегі поручниктерді түсіру
Науқас керует ортасында жатқанына көз жеткізу.
Жастықтарды алып тастау
Керуеттің бас бөлімін көтеру немесе 3 жастық қою.
Науқастың балтырының астына жастық немесе қабатталға одеяло қойыңыз.
Білек астына жастық қоямыз. (егер науқас қолын қозғалта алмаса)
Науқас белінің астына жастық қою.
Науқас тізесінің астына үлкен емес жастық немесе валик қою.
Науқас өкшесінің астына үлкен емес жастық қою.
Табандары тұратындай тіреуіш қою.
Процедураның соңы:
Науқастың ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз
Бүйірлік поручниктерді көтеріңіз
Қолыңызды жуып, кептіріңіз
СИМС ҚАЛПЫ.
Функционалды төсек орнында және кәдімгі төсек орнында орындалады (2 мейірбике орындайды.)
Бұл ішпен жату және бүйірімен жату арасындағы қалып болып табылады.
Көрсеткіштері: Ойықтардың даму қаупі, мәжбүрлі, пассивті қалып.