Орындағандар: Бахтияр Аяулым Лесбекова Элнура



Дата16.05.2022
өлшемі0,63 Mb.
#143524
түріСабақ
Байланысты:
5 сыныптар Көшбасшылар сайысы

«КӨШБАСШЫЛАР»


Сайысы

Орындағандар: Бахтияр Аяулым


Лесбекова Элнура

Шымкент 2022ж


«КӨШБАСШЫЛАР» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан – жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, интерактивті тақта, балдық жүйе

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:
- Құрметті оқушылар, әріптестер бүгінгі «КӨШБАСШЫЛАР» атты білім сайысына қош келіпсіздер! Бұл білім сайысының мақсаты 5 сынып оқушыларының білім деңгейін жетілдіру, дамыту. Оқулықтан тыс ақпараттармен оқушыларды қаруландыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

- Бүгінгі сайысымыз 8 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін топтарға бағаларын беріп отырамыз.


1-кезең: «Таныстыру»
2 – кезең:«БӘЙГЕ»
3 – кезең:«АДАСҚАН СӨЗДЕР»
4— кезең:«МИҒА ШАБУЫЛ»
5 – кезең:«БІЛІКТІЛІК»
6-кезең:«ЖҮЙРІК БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР»
7-кезең:«ӘУЕНДЕР ОЙНАЙДЫ»
8-кезең:«ОЙ ҚОЗҒАУ»

1—кезең. Дәл осы жерде әр топ өз топтарын таныстырып ұрандарын айтады.

- Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыз бәйге сайысына кезек береміз.

2 – кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде сендер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысасыңдар. Жауаптарың дұрыс болмаса, келесі оқушы жауап бере алады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға мүмкіншілік бар. Сонымен, бірлеріңе сәттілік тілеймін!


- Ал, бастайық!

1. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)


2. Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)
3. Қ. Р. Рәміздерін атаңдар? (Ту, елтаңба, әнұран)
4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
6. Екі тәулікте неше сағат бар?(48 сағат)
7. Қазақтың ұлы ақыны?(Абай)
10. Қ. Р. Мемлекеттік тілі?(қазақ тілі)
11. Теңдеу құр және оны шеш: х пен 50 – дің қосындысы 60 – қа тең.(х+50=60 х=10)
12. 30 минутта неше сағат бар?(0.5 сағат бар)
16. 2 минут 30 секундта неше секунд бар?(150 секунд)
17. Мақалды жалғастыр: Оқусыз білім жоқ,………………..(Білімсіз күнің жоқ)

3 – кезең: АДАСҚАН СӨЗДЕР


Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағында өмірдің,
Айыра біл, үш тіліңді – дей келе кезекті сайысымыз «Адасқан сөздер»
Кезеңіміздің атауын «Адасқан сөздер» деп атадық. Мұнда сендер сөздердің қазақ,орыс,ағылшын тіліндегі аудармасын табасыңдар. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан беріледі. Барлықтарыңа сәттілік тілейміз!
Қазақ тілі Орыс тілі. Ағылшын тілі

Кітап Книга Book

Қалам Ручка Pen

Оқушы Ученик Student

Өшіргіш Ластик Eraser

Дәптер Тетрадь Notebook

Сөмке Сумка Bag

Мұғалім Учитель Teacher

Сызғыш Линейка Ruler

4—кезең бізде «Миға шабуыл» сайысы. Шарты мынадай алдымызда тұрған есептерді шығарып төрешілерімізге тексертеміз, әр есепте 5 балдан беріледі. Ал енді миға шабуылды бастайық!




Төрешілеріміз бағалап болса келесі кезеңімізге өтейік


5— кезең:«БІЛІКТІЛІК» сайысы


- Бұл кезеңде сендер өздерің мақалдың жалғасын табасыңдар. Әр тапқан мақалға 10 балдан беріледі

1. Жеті жұрттың тілін біл,…(7 түрлі білім біл)


2.Білекті 1-ді жығар,…(Білімді 1000-ды жығар)
3. 2 жақсы қас болмақ,…(2 жаман дос болмақ)
4.100 сомың болғанша,…(100 досың болсын)
5.30 тістен шыққан сөз,..(30 елге тарайды)
6. 1 кісі қазған бұлақтан,… (1000 кісі су ішеді)
7. 30 күн оразаның,… (1 күн айты бар)
8. 1 жылы сөз,… (көп күнге азық)
9. Жерді 2 рет жыртқан,… (өнімді 2 есе алады)
10. 1 күндік жолға шықсаң,…(3 күндік азық ал)

6 – кезең: «ЖҮЙРІК БОЛСАҢ ОЗЫП КӨР» сайысы


- Сендер бұл кезеңде дайындалған 10 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауға болады. 1 сұраққа 1 минут уақыт беріледі. 1 сұрақ 1 ұпай болып есептеледі. Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

«Жүйрік болсаң, озып көр!» -тарих пәні

1.Алғашқы адамдардың топтасып, тобыр болып өмір сүрулерінің себебі
А. Аң аулау үшін
В. Балық аулау үшін
С. Сауда жасау үшін

2.Алғашқы дәуір


А. Қола
В. Темір
С. Тас

3.Дәуірлерді ретімен ата


А. Қола, тас, темір
В. Тас, қола, темір
С. Темір, қола, тас

4.Қысқы тұрақ қалай аталады


А. Күзеу
В. Жайлау
С. Қыстау

5.Үйсіндер қай жерлерді мекендеді


А. Шығыс Түркістан мен Жетісуды
В. Батыс Түркістанды
С. Сырдария өзенінің бойында

6.Қаңлылар кімдерді қолдады


А. Үйсіндерді
В. Ғұндарды
С. Қытайларды

7.Ерте тас дәуірі


А. Мезолит
В. Энеолит
С. Палеолит

8.«Алтын адам» киімі қанша алтын әшекеймен безендірілген


А. 4мың
В. 8мың
С. 10мың

9.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қай жылы алды


А. 1990
В. 1991
С. 1992

10.Тұңғыш президентміз


А. Қасым-Жомарт Тоқаев
В. Нұрсұлтан Назарбаев
С. Дінмұхаммед Қонаев

7-кезең «Әуендер ойнайды» сайысы, шарты мынадай жасырынған әннің орындаушысымен табамыз.


Құлақтан кіріп бойды алар.
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әсем ән мен тәтті күй —деп сайысымызды бастаймыз.

8-кезең «Ой қозғау» сайысымыз, шарты мынадай берілген мәтінді бейнелеп алдымыздағы параққа сызамыз.


Қорытынды:


Сайысқа қатысқан оқушылардың арасынан көшбасшы анықталады – ол ұпайы ең жоғары сайыскер. Барлық қатысқан оқушылар белсенді қатысқаны үшін мадақтау.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет