Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ
Тақырыбы: Топырақтың адамзат тіршілігінің әртүрлі салаларындағы маңызы
Бағыты: Қоршаған ортаны қорғау
Орындаушы: Алтынбекова Аружан
Сынып: 9
Облыс: ШҚО
Аудан: Үржар
Мектеп: "Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ
Жетекші: Игембай Қарлығаш Оразмұхаметқызы
"Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп" КММ -нің география пәні мұғалімі
2020 жыл
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ................................................................................................................1-2
І.Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы..................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.
Топырақтың маңызы
2.1 Пайдалы қазбаларды іздеудегі топырақтың маңызы..................................5-6
2.2 Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы..................................................................................................................6-7
2.3 ШҚ топырағының географиясы және егіншілік .......................................7-13
2.4 Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану мәселелері.....................13-17
ІІІ Қорытынды бөлім.
Адам топырақ түзуші ретінде.........................................................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................20
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз.
Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сыйымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады.
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне, еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-1955 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мысалы: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.
Достарыңызбен бөлісу: |