Орыс философиясы



бет21/29
Дата19.03.2022
өлшемі160,77 Kb.
#136116
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Н.В.Бугаев (1837-1902) - өзінің космостық монадалар туралы философиялық жүйесін жасады. Ол теорияға сәйкес, бүкіл космос сансыз көп рухани бірліктер -монадалардан құралады. Монадалар бойында қуат, білім, "өткені туралы естеліктер" бар. Жер бетіндегі және Әлемдегі цивилизациялар космостық монадалардың өзара байланысы мен өмірі арқасында іске асып, мүмкін болуда.

Космизм - космосты, қоршаған дүниені (табиғатты), адамды өзара байланысты тұтастық ретінде қарастыратын философиялық бағыт. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері:

Н.В.Бугаев

В.И.Вернадский

К.Э.Циолковский

А.Л.Чижевский

К.З.Циолковский (1857-1935) материяның мәңгіліктігін, жоқтан бар болмайтындығын және жойылмайтындығын тұжырымдады. Материяның негізінде ұсақ бөлшектер - атомдар жатыр деп сенді. Атомдар түрліше қиюласып, көптүрлі материалды денелерді жасайды. Бүлінген заттар мен денелер біржола жойылмайды - барлығы қайтадан жаңа денелер құралатын атомдарға ыдырайды. Әлемде атомдар айналысы толассыз жүруде, ал материя әлсін-әлсін өз формасын өзгерткенмен, жойылмайды. Жердегі цивилизация - Әлемдегі тіршіліктің бір ғана түрі емес деп санады Циолковский. Өйткені, космос — жанға ие, ал өмір-тіршілік - Космостық болмыстың бөлінбес белгісі. Сондықтан Әлемде өзге де ақылды тіршіліктер мен дамыған цивилизациялар бар. Циолковский ғылым мен техниканың мүмкіндігіне, адамның космосты толық игеруі мен болашақтағы планетааралық цивилизациялар қатынасына сенді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет