В.И.Вернадский (1863-1945) - ғалым, философ-космист - ноосфера теориясын негіздеді. Адам эволюциясы барысында оның қоршаған табиғатқа ықпал ету, өзгертушілік әрекеті күшейе түседі. Нәтижесінде ноосфера - адам өмірінің, оның материалдық және рухани мәдениетінің, ақыл-парасатының сферасы (ноосфера) пайда болады.
Ноосфера тоқтаусыз кеңейеді және болмыстың басқа да салаларын қамти түседі. Биосфера (өмір, тіршілік сферасы) үздіксіз ұлғая түсіп, біртіндеп ноосфераға ауысады.
Вернадский пікірінше, ноосфера Жер бетінде жетекшілік жасап, космосқа да таралады.