Саяси-әлеуметтік бағыттың өкілдері: • Мечников • М.М.Ковалевский болды Олар қоғамды табиғаты көпфакторлы тұтастық, бірбүтін кұылыс ретінде қарастырып, оған ықпал ететін факторларды (географиялық, климаттық, экономикалык т.б.) зерттеді. Қоғам дамуы, олардың пірінше, объективті заңдарға сәйкес іске асады. Кеңестік философия XX ғасырдың 20-шы жылдарынан 90-шы жылдар басына дейінгі орыс философиясы (КСРО-ң басқа да халықтарының философиясы сияқты) кеңестік философия атымен дамыды. Кеңестік философия материалистік сипатта болды, маркстік философияның (диалектикалық және тарихи материализм) шеңберінде дамыды және догмаға айналды. Кеңестік философияға В.И.Лениннің философиялық творчествосы үлкен ықпал етті. Ленин маркстік материалистік ілімді дамытты және оны Ресей жағдайына бейімдеуге тырысты. Кеңестік философия дамуын 3 кезеңге жіктеуге болады: 1. 1917-1930 жылдар - ресми марксизм-ленинизм қысымы жағдайындағы философия; 2. 1930-1950 жылдар — философияның толық идеологияландырылып, ресми биліктің қызметшісіне айналуы. Философиялық сұрақтарға И.В.Сталин позициясының анықтаушылық ролінің күшеюі; 3. 1950-1980 жылдар - дербес, өзіндік, кеңестік философияның қайта тууы.