УДК 81-1751
ОРЫС ТІЛІНІҢ ОРТА АЗИЯДА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДА АЛАТЫН
ОРНЫ МЕН РӨЛІ
Сердалиева Света
serdallievva@mail.ru
Дулати университеті, «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті, ағылшын филологиясы маманыдығының 1 курс студенті
Тулегенова Зульфия Джаналиевна
zulfi-tulegenova.65@mail.ru
Дулати университеті, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы
Орыс тілі – орыс ұлтының ұлттық тілі және БҰҰ-дағы ресми 5 тілдің бірден бірі. Ұлттар арасындағы қарым-қатынас пен тығыз байланысқа жауапты тілдер қатарында болғандықтан орыс тілінің өзіндік мәртебесі мен қолданылу аясы жылдам артуда. Орыс тілі арқылы түрлі конференциялар мен съездер ұйымдастырылып, әлемдік маңызға ие шешімдер қабылдануда.
Орыс тілі – әлемдік мәдениет пен руханият бағытында да алар орны ерекше. Тілдің грамматикалық формалардың әртүрлілігі мен сөздік қорының байлығы бойынша әлемдегі керемет тілдердің бірі. Сонымен қатар, тілдің сөздік қоры өте мол, ең бай көркем әдебиеттің тілі. «Мұндай тілі бар халық – ұлы халық»,- деп, И.С. Тургенов айтқандай, расымен де өзіндік құндылықтарға ие орыс тілінің тіл жанашырлары көптеп кездеседі.
Орыс тілі 20 ғасырда кеңестік билік орнағаннан кейін және әртүрлі этникалық топтар мен орыстандыру саясатын қоныстандырып, депортациялағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағында кеңінен қолданыла бастады, нәтижесінде Орыс тілі іс жүзінде ұлтаралық қатынас тіліне айналды. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясының, содан кейін КСРО құрамында болды. Содан кейін, Одақтың бүкіл аумағында "ұлтаралық қатынас тілі" ретінде бекітілген орыс тілі негіз болды. КСРО ыдыраған кезде Қазақстандағы орыс тілділердің жиынтық саны титулдық халық санынан асып түсті.
2006 жылғы 5 сәуірде Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасында Қазақстан Республикасының Президенті: "Бүгінде, қазіргі Қазақстанда тұратын басқа этностардың өкілдері арасында орыс тілін білмейтін адамды табу қиын»,- деп, Қазақстан конституциялық тәртіппен ТМД елдерінің ішінен бірінші болып орыс тіліне ресми түрде мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылатын мәртебе берді.
Орыс тілінің Орта Азия көлемінде таралуын екі үлкен бағыта бөле қарастыруымызға болады. Олардың біріншісі – Қазақстан мен Қырғызыстан болса, енді бірінде Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан болады. Атап айтқанда, Н. Мендкович "Gallup" компаниясының желісі бойынша жүргізілген социологиялық сауалнамалардың нәтижелеріне сүйене отырып, өңірлік орыс тілді практикаға қатысты мынадай деректерді келтіреді: «Қазақстанда – 99,9%, Қырғызстанда – 87,1%, Тәжікстанда – 68,5%, Өзбекстанда қандай да бір түрде орыс тілін меңгеремін деп мәлімдейтіндердің пайызы - 99,2%; Қазақстанда – 89,6%, Қырғызстанда – 60,5%, Тәжікстанда – 41,2%, Өзбекстанда – 99,2%; әлеуметтанушымен орыс тілінде сөйлескісі келетіндердің үлесі: Қазақстанда – 68%, Қырғызстанда – 38%, Тәжікстанда -5%, Өзбекстанда – 0». Осылайша, қазіргі кезеңде Орталық Азия аймағында орыс тілі, кеңестік кезеңдегідей, біркелкі таралмайды. Ол Қазақстанда кеңінен ұсынылған, ал басқа елдерде қазақстандық көрсеткіштерден екі-үш есе төмен.
Қазақстандағы Орыс тілі негізінен республикада тұратын, ақпараттық, ғылыми және мәдени құндылықтарды қолжетімді ететін барлық ұлттар үшін негізгі тіл болып табылады. Себебі ғылым саласындағы ақпарттардың басым бөлігі шет тілдерде түпнұсқасымен беріледі. сонымен қатар, халықаралық конференциялар мен семинар-тренингтерде де әр ұлт өкілдеріне бір деңгейлі түсінікті болуы үшін орыс тілі қарым-қатынас тілі ретінде қолданылады. расымен да, ұлтаралық байланысты нығайту үшін әр түрлі мемлекет басшылары, әр мемлекеттің жастары, ғылым өкілдері, түрлі сала мамандары өзара орта құрып, пікір алмасуы қажет. Ал, бұл процестің жүзеге асуы үшін олар бір-бірін түсіне білуі қажет, әрине, бір адамға жұмыс мақсатымен қысқа ғана уақыт ішінде түрлі тілді меңгеру және ол тілде келісім шарт немесе ресми әңгіме құру қиындық туғызады. осындар проблемалы тұста баршаға ортақ әрі түсінікті ресми тілдің болуының оң септігі тиеді.
1989 жылы Қазақ КСР-інде тілтуралы заң қабылданғанда, Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі - Қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі -орыс тілі болып бекітілген болатын. Бұл тіл туралы заң орыс жіне қазақ тілдерінің мәртебесін анықтауда түрлі келіспеушіліктер туындатты. Заң өзгерісі, 1995 жылы Қазақстан республикасының жаңа Конституциясы кезінде қабылданды. Конституцияның 7 бабында ресми тіл мен мемлекеттік тілге тоқталып өтті. 1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заң қабылданды, онда орыс тілі мемлекеттік – қазақ тілімен тең іс жүргізуде, есепке алу – статистикалық, қаржылық құжаттамада, Қарулы Күштерде, құқық қорғау органдарында, сот ісін жүргізуде қолданылуы мүмкін екендігі атап өтілді. Қазақстанда орыс тілі әлі де жеткілікті күшті позицияда, ол Конституция бойынша ресми және республикада тұратын көптеген ұлт өкілдері үшін бірінші және екінші ана тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады.
Сол кезеңнен бастап, бүгінгі күнге дейін қазақ тілі мен орыс тілі қатар қолданылып келеді. ал, дәрежелері: Қазақ тілі - ана тіліміз, мемлекеттік тіл болса, орыс тілі - ресми, ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Мемлекетімізде құжаттамаларда да, білім беру мен ақпараттандыруда да екі тіл қатар жүріп келеді. Тіпті, теле хабар тарату мен жарнамалар-жадынамалар бағытында да орыс тілі қолданыста қатар жүргізіледі.
Орыс тілі Орта Азия халықтары үшін Кеңес Одағы кезеңдерінен бастап, жалпыға бірдей түсінікті және қолданылу аясы кең тіл болып табылады. Орыс тілінің тағы бір артықшылығы, ол- Біріккен Ұлттар Ұйымы қатарындағы ресми тілдердің бестігіне кіреді.
Қазақстандағы орыс тілінің рөлін басқа мемлекеттер мен шет елдермен салыстырар болсақ, елімізде орыс тілін қолдану сапасы әлдеқайда жоғары. Тіптә Ресей мемлекетінің кей өңірлеріндегі мектептерде орыс тілі білім беру бағдарламасынан алынып тасталып жатқаны байқалады. Сонымен қатар, Ресейдегі орыс тілінде сөйлеу мдениеті мен Қазақстандағы сөйлеу мәдениетін салыстырар болсақ, біздің еліміздегі орыс тілі Ресейдегі ана тілін білу деңгейінен де жоғары. Себебі, жастардың сөйлеу мәдениеті барысында ағылшын не өзге де тілдерден енген слэнг не қысқартылған сөздер қолдану арқылы Ресейлік жастар өз ана тілінің тазалығын жоғалтып алып отыр. Ал біздің елімізде, орыс тілі қарапайым ауызекі сөйлеуден бөлек білім беру бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын бұл тіл мәдениеттілік пен тіл тазалығына негізделген.
Орыс тілін ресми қарым-қатынаста қолдану үшін жетік те сапалы түрде үйрену сауатты сөйлеумен қатар жаңа мәдениетке бастама бола алады. Себебі, орыс тілінің әдебиеті мен мәдениеті рухани салада ең жоғарғы орында бағаланады.Осы себепті де, орыс тілінде сөйлеуде грамматика, лексика ережелерін есте сақтай отырып сөйлеу, мәдениеттілік пен білімділік деңгейін көрсетеді. Тарихтан құндылығы биік ақын жазушылар мен публицистердің қорғанында болған бұл тіл осындай жоғары мәдени бағаға ие.
Бүгінде, орыс тілі таралуы бойынша әлемде төртінші орынды алып отыр. Ең бірінші орында, әлемдік тіл – ағылшын тілі тұрса (500 миллионнан астам адам ана тілі ретінде немесе екінші тіл ретінде және 1 миллиардтан астам адам шет тілінде сөйлейді.), екінші орында – қытай (1,350 миллион адам ана тілі ретінде сөйлейді), үшінші орында – испан (360 миллион, оның ішінде 355 миллион ана тілі ретінде сөйлейді) тілдері тұрады. Осы үштіктен кейінгі төртінші орынды орыс тілі алып отыр. Қаншама жылдардан бері әлемдік деңгейдегі кең таралған тілдердің бестігінің қатарынан түспегені үлкен жетістік пен мақтаныш және зор еңбек. Ресей мемлекетінен басқа алыс-жақын шет мемелекеттерде шет тілін меңгеруге деген ниеттілер саны шамамен 125 миллион адамды құрайды.
Алайда, соңғы кезеңдердегі Ресей мемлекетінің саяси мәселелеріне байланысты орыс тіліне деген қызығушылықтар төмендеуі байқалуда. Алайда, Ресейлік кәсіпорындардың әлемдік деңгейде таралуына байланысты көршілес мемлекеттердің тілді меңгеруі арқылы ұтары көп. себебі саяси келісім шарттардағы қателіктер мен ұтымды тұстарды нақтылау дәне келісу барысында орыс тілі басты қажеттілік болып табылады. Одан бөлек, орыс мәдениетінің таралуы да, осы тұста тілді құлдыраудан құтқарып отыр. Себебі, жоғарыда атап өткеніміздей орыс әдебиеті, классикасы ұлт таңдамай әдебиет жанашырларының әрқайсысының жүрегінің түпкірінен орын алары сөзсіз. Соған сәйкес, орыс киномотографясы да өзіндік тарихи орнын таба білген. Әлем халықтарының аузынан түспейтін түрлі кейіперлер мен фильмдер арқылы орыс тілі басымдылыққа ие.
Тілдің құлдырамауына тағы бір үлкен себеп, орыс тілінің КСРО кезеңінен бастап алдыңғы қатарда бола алғандығы. Орыс тілі Кеңес дәуірінде де ұлтаралық қатынас тілі ретінде қолданылған. Бүгінгі күнде де, орыс тілі өз орнын сақтап, БҰҰ-ның да үздік бес ресми тілі қатарына енді.
Қорыта айтар болсақ, орыс тілі тарихымен, көркем әдебиетімен, жан тебірентер классикасымен, күрделі грамматикасымен ерекшелене отырып, жеткен жетістіктері мен қиындықтары өте көп. Егер, орыс тілін адам бейнесінде мысалға келтірер болсақ, расында да орыс тілі біраз жолды жүріп өтіп, өзін дәлелдеген тұлға деп айтар едік. Тіл – елдің мәдениетінің айнасы. Ресейліктер бұл тұста үздік екенін мойындай да алуымыз қажет. Ал өзіміздің ана тіліміз Қазақ тілі – мәңгілік жүректе, құрметтің биік сатысында.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18 қаңтар. 2014 жыл. 1–3 бб.
2. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 01.09.2022ж. //Қазақстан республикасы Президентінің ресми сайыты»// https://www.akorda.kz/kz/addresses
3. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасымыздың мақаласы, 2017 ж.
4. Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы — ұлттық саясат саласындағы жаңа стратегиялық құжат. Астана. 2010 жыл. Inform.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |