140. ІІІ категориядағы ауыр жұмыстар үшін жылы мезгілдердегі ауа температурасының оңтайлы мәнін атаңыз
(18...20) °С
(22...24) °С
(28...30) °С
(26...28) °С
(24...26) °С
141. Орташа ауыр (ІІб) жұмыстар үшін жылдың суық мезгіліндегі ауа температурасының оңтайлы мәнін атаңыз
(17...19) °С
(12...14) °С
(10...12) °С
(20...22) °С
(24...26) °С
141. Орташа ауыр (ІІб) жұмыстар үшін жылдың жылы мезгіліндегі ауа температурасының оңтайлы мәнін атаңыз
(20...22) °С
(17...19) °С
(12...14) °С
(10...12) °С
(24...26) °С
143. Жасөспірімдердің рұқсат етілген шекті салмақты көтерудің максималды шегін көрсетіңіз
16,4 кг.
17,2 кг.
20,3 кг.
25,6 кг.
30 кг.
144. Жұмыс беруші неке тіркелгенде, бала туылғанда, жақын туыстары қайтыс болғанда, еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда жұмыскердің хабарламасы негізінде күнтізбелік неше күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті?
5 күн
7 күн
3 күн
10 күн
15 күн
145. Жатақхана бөлмелерінде қандай электр құрылғыларын пайдалануға қатаң тыйым салынады?
Үй жылыту құрылғылары
Барлық типтегі жылыту құрылғылары (пештер, үтіктер, шәйнектер, жылытқыштар)
Теледидар, радиолар
Үстел шамдары, шамдар
Компьютерлер, теледидарлар
146. Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезінде үстеме уақыттағы жұмысқа еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) тарифтік мөлшерлемесі негізге алына отырып, қанша мөлшерде ақы төленеді?
бір жарым еседен төмен болмайтын
екі жарым еседен төмен болмайтын
үш жарым еседен төмен болмайтын
төрт жарым еседен төмен болмайтын
бес жарым еседен төмен болмайтын
147. Түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, қанша мөлшерде ақы төленеді?
бір жарым еседен төмен болмайтын
екі жарым еседен төмен болмайтын
үш жарым еседен төмен болмайтын
төрт жарым еседен төмен болмайтын
бес жарым еседен төмен болмайтын
Достарыңызбен бөлісу: |