Өркениет тарихындағы саяси білімнің даму кезеңдері


Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар



бет2/3
Дата30.12.2021
өлшемі23,4 Kb.
#106806
1   2   3
Байланысты:
Өркениет тарихындағы саяси білімнің даму кезеңдері

Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар

Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектріне сүйенді. Саясат. Ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

VIII-XI ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда ислам дінінің таралуына байланысты араб тілі мен жазуы кеңінен қолданыла бастады. Ірі қалаларда білім беру ісі мен ғылым дамыды. Араб Шығысы мен Үнді-Иран және Орта Азия әлемінде аталған кезеңде әдебиет пен ғылымның, саяси ой пікірдің дамуына тікелей әсер еткен ақыл-ой төңкерісі болды. Мұсылмандық Ренессанс деп аталған осы дәуірде өмір сүрген Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки және тағы басқа ғұламалардың шығармалары мен еңбектері кеңінен мәлім болды.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегінде қалай бақытқа жетуге болады деген сұраққа қалай жауап бергенін көре аламыз. Шығарманың негізінде әртүрлі қасиетке ие төрт мемлекеттік қызметкердің өзара әңгімесі алынған. Ол әділдікке «Күнтолды» (Ел басшы), Бақытқа «Айтолды» (уәзір), Ақылға «Өдүлміш» (уәзірдің баласы), Игілікке «Оғдұрмыш» (уәзірдің інісі) есімдерін береді. Бұл қасиеттерді жеке-жеке сипаттаған автор олар бір-бірінен тәуесіз өмір сүре алмайды деп қорытынды жасайды.

Билеушілер мен әкімдер халық мүддесімен санасып билік етсе елге ұнамды болады. «Патша жоғарылаған сайын жүгі ауырлайды», «Жақсы тәртіп орнат – сонда сыйлайды, опасыз халық бір уысқа сыймайды». Билік – мансап үшін берілген сыбаға емес. Билеушінің сыйлы болуы оның орнатқан тәртібіне байланысты болмақ. Ел билеу тек жақсы заңдар мен ережелерден тұрмайды. Саясат Баласағұнның ойынша, мемлекетті басқарудың сан қилы әдістерін игеру, алуан мінезді қоғамды уыстан шығармау, тентекті тыйып, әлсізді қорғау, қажетті жағдайда күш те қолдана білу. Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет