30
Педагогикалық іс-әрекет әдістемесіне қатысты «жоба» ұғымын Г. П.
Щедровицкий «Педагогика және логика» жұмысында қолданды. Жоба - бұл
нәтижелердің сапасына, қаражат пен ресурстарды жұмсаудың ықтимал
шектеріне және ерекше ұйымға қойылатын белгіленген талаптары бар жеке
жүйенің уақытпен шектелген мақсатты өзгеруі.
Жоба: қандай да бір құжаттың алдын ала, болжамды мәтіні ретінде; іс-
шаралар жиынтығы немесе жүйені өзгерту бойынша бір бағдарламамен
біріктірілген өнімді, мақсатты жеке немесе бірлескен қызметтің аяқталған
циклі ретінде түсініледі. Осылайша, жоба – жобалау қызметінің нәтижесі
және жоба-адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастыру нысаны.
Қазіргі уақытта жобалау педагогикалық қызметтің маңызды құрамдас
бөлігі ретінде қарастырылады. Жобалау қызметі білім беру саласының даму
көзі және мәдениет тарихындағы кәсіби-педагогикалық белсенділіктің бір
түрі ретінде айтарлықтай ұзақ кезеңде қалыптасты.
Жоба сөзі латын тілінен аударғанда
projectus
-
«алдыға
лақтырылған»
деген мағынаны білдіреді,
«сөйлеуші», «көзге түсуші»,
яғни
бір объектінің, бір істің түпбейнесі немесе түпүлгісі сияқты, осы әрекет жоба
жасауға әкеледі. Жоба әдісі білім алушылардан белгілі бір проблеманы
шешуін талап етеді.
Жоба сөзі С. И. Ожегова, Н.Ю. Швединаның айтуы бойынша ой,
жоспар ретінде анықталады, яғни қандай да бір жоспар, құрылғылар,
механизмдер. Білім беру жобасы оқушылардың бірлескен оқу-танымдық,
шығармашылық немесе ойын қызметі ретінде қарастырылады.
Жоба қызметі - бұл белгілі бір тақырып аясында педагогикалық
үдерісті жоспарлау және ұйымдастыру бойынша ересектер мен балалардың
бірлескен қызметі, яғни пайда болған сәттен бастап оны аяқтағанға дейін
белгілі бір кезеңдерден өту арқылы жүзеге асыру. Жобалық қызмет
"орындаушы" емес, "іскерді" тәрбиелеуге, тұлғаның ерік-жігерін, өзара
әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жобалау қызметі көптеген мүмкіндіктерді, оларды әртүрлі үйлесімде
қолдануын, түрлі қызмет түрлерін интеграциялауды білдіретін білімді
меңгертудің түрі болып табылады. Балалардың жобалық қызметі кезең-
кезеңмен, ересектердің тікелей қатысуымен және қолдауымен орындалады.
Жоба әзірленіп жатқан өнім қолданыла бастаған кезде өміршең деп
танылады. Жобалар әдісі өзекті және өте тиімді. Ол балаға тәжірибе жасауға,
шығармашылық қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді.
Жоба – туындаған проблемадан шығуда белгілі бір мақсаттарды
көздеген және оған жету жолындағы іс-әрекеттің, орындаушылар-дың және
әдіс тәсілдердің жиынтығы.
31
Жоба – туындаған проблемадан шығуда белгілі бір мақсаттарды
көздеген және оған жету жолындағы іс-әрекеттің, орындаушылар-дың және
әдіс тәсілдердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: