«Орман мелиорациясы» пәні №1-2 тәжірибелік сабақтар Орман мелиорациясы туралы түсінік Орман мелиоративтік екпе



бет12/39
Дата14.12.2021
өлшемі168,77 Kb.
#126924
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
orman melioratsiyas praktikal k sabaktar

«Орман мелиорациясы» пәні

13-14 тәжірибелік сабақтар



Топырақ эрозиясының әдеттегі және үдемелі түрлері

Жалпы топырақ эрозиясы әдеттегі және үдемелі эрозия болып екіге бөлінеді. Өткен кездердегі және қазіргі уақыттағы табиғи себептер әсерінен жер бетінің бұзылуы әдеттегі эрозия деп аталады. Ол жер бедері мен метеорологиялық жағдайлар бойынша анықталады. Әдеттегі эрозия еңіс жерлерде су аққан кезде пайда болады. Осы кездегі топырақтың аздаған бұзылулары топырақ түзу процестері арқасында тез қайта қалпына келеді. Әдеттегі эрозия сырттан онша байқалмайды. Топырақтану мамандары бұл процесті топырақтың үздіксіз жетілетін, көзге байқалмайтын жаңаруы деп есептейді.

Әдеттегі эрозия кезінде топырақтың беткі қабаттары мен жаңа қабаттар түзілуі арасындағы уақытша тепе теңділік адамдардың топыраққа өндірістік әсер етуінен шұғыл бұзылады. Жерді шектен тыс жырту, ориандарды кесу, ретсіз мал жаю және адамдардың басқа да іс әрекеттері топырақтың табиғи эрозиясын өзгертіп күшейтеді. Оны үдемелі эрозия деп атайды. Әдеттегі эрозияда жүздеген жылдар ішінде болатын топырақтың жоғарғы қабатының бұзылу және жойылу процестері үдемелі эрозия кезінде бір ақ жыл ішінде болады.

Үдемелі эрозияны сипаттайтын белгілерге мыналар жатады:

Топырақта А қабатының азаюы немесе мүлдем болмауы;

Топырақтың ірі түйіршікті бөлігінің ұсақ бөліктерінің үстінде орналасуы;

Топырақтың ұсақ бөлшектерін шайып кету немесе ұшырып әкету нәтижесінде ұсақ тастардың жалаңаштануы;

Эрозияға ұшыраған жерлер арқылы өтетін су ағындарында лайдың көбеюі.

Жер шарының кез келген жерінде ауыл шаруашылық жерлері белгілі бір дәрежеде стихиялық апаттардан зардап шегеді. Егер апаттардың кейбіреулері атмосфералық құрғақшылықтар, аңызақтар, су басулар, дауылдар секілді адамдардың іс әрекеттеріне байланыссыз пайда болса, екіншілері топырақтың су және жел эрозиясы, ауыл шаруашылық жерлердің тұздануы мен батпақтануы, адамдардың жөнсіз әрекеттері салдарынан пайда болады.

Жалпы алғанда Қазақстанның эрозиялық жағынан қауіпті жерлер болып саналады. Ал оның бөлігі жел эрозиясы бойынша, бөлігінен сәл астамы су эрозиясы бойынша қауіпті деп саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет