BitBtn – жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.
SpeedButton – пиктограммалық батырма. Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.
MaskEdit – арнайы мәтіндік редактор. Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді, мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.
StringGrid – жолдар кестесі. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid – еркін кесте. StringGrid компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде сурет те сақталады.
Image – сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған.
Shape – фигура. Бұл комполненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды – тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б. қоюға болады.
Bevel – жиек. Терезенің жеке бөліктерін үш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.
ScrollBox – орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы – егер орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.
CheckListBox - жиынтық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбәр опциясының қасында бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдтетін CheckBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.
Splitter – шекара. Бұл компонент формада көрінетін екі компоненттің арасында орналасады да, пайдаланушыға программаны жүргізу кезінде компоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.
StaticText – статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады. Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.
ControlBar – басқару жолағы. DRAG&DOG технологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.
ApplicationEvents – оқиғаны қабылдаушы. Егер бұл компонент формаға орналасқан болса, онда програмсмаға арналған барлық Windows хабарламаларын алып отырады.
ValueListEditor – атау = мән жұбынан тұратын жолдар редакторы. Мұндай жұптар Windows-де жиі пайдаланылады.
LabeledEdit- бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.
ColorBox – жүйелі түстердің бірін таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.
Chart – диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдер құруды жеңілдетеді.